KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Жиі қойылатын сұрақтар

Акционерлердің жалпы жиналысы
1. «ҚазТрансОйл» АҚ Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысының өтуі туралы акционерлерді қалай хабардар етуге болады?
«Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес акционерлерге алда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетіні туралы жиналыс өткізілетін күннен – күнтізбелік отыз күн бұрын, ал өткізу кезінде бір немесе одан көп акционерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылатын сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында күнтізбелік қырық бес күн бұрын хабарлануға тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама көрсетілген мерзімде Қоғамның сайтында мына адрес бойынша https:/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcioner_men_investor_ushin_akparat/akcionerlerdin_zhalpi_zhinalisi/ жарияланады.
2. Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен қалай танысуға болады?
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды корпоративтік веб-сайттан келесі сілтеме арқылы таныса аласыздар:
https://www.kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcioner_men_investor_ushin_akparat/akcionerlerdin_zhalpi_zhinalisi/.
3. «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерді жиналыстарда қабылданған шешімдер туралы қалай хабардар етеді?
«Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған шешімдер, яғни акционерлердің жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары немесе сырттай дауыс беру нәтижелері акционерлердің назарына акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде Қоғамның, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (KASE), қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы және Қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен (осындай тәртіп болған кезде) жеткізіледі.
4. Қоғам «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын қашан өткізеді?
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қоғамның жарғысына сәйкес акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін 5 ай ішінде өткізілуі керек.
5. Акционерлердің жиналысында кім дауыс беруге құқылы?
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және оған дауыс беруге құқылы акционерлердің тізімі орталық депозитарий қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі мәліметтер негізінде жасайды. Осы тізімді жасау күні жалпы жиналысты өткізу туралы шешім қабылданған күннен бұрын белгіленбейді. Акционерлердің тізіміне енгізілуге тиісті мәліметтерді уәкілетті орган айқындайды.
 
Акциялар және дивидендтер
1. «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларының нарықтық құны туралы қайдан және қалай білуге болады?
«ҚазТрансОйл» АҚ жай акцияларының нарықтық белгіленімдері туралы ақпаратты «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың « ресми сайттарында, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-тың  ресми сайтында табуға болады.
2. «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары бойынша алынған табыстарға салық салынады ма?
«Салық және бюджетке міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сай жеке және заңды тұлғалардың салық салынуы тиіс кірістерінен (филиалға, өкілдікке немесе резидент еместің тұрақты мекемесіне төленетін кірістерден басқа) осындай дивидендтер мен сыйақылар есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде тұрған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар алып тасталады.
3. «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын қалай сатып алуға болады?
Биржалық нарықтағы жеке және заңды тұлғалар брокерлік және дилерлік қызметті немесе инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пайдалана отырып, эмиссиялық бағалы қағаздарға немесе басқа да қаржы құралдарға инвестицияларды жүзеге асырады.
Яғни, акцияларды сатып алу үшін брокерлік компаниямен шарт жасасу тиіс, қажетті соманы брокерлік шотқа аудару және «ҚазТрансОйл» АҚ жай акцияларын сатып алуға бұйрық шығару қажет.
4. Акцияларды сатып алуды ресімдегеннен кейін қандай құжат негізгі болып табылады?
Брокер белгісімен клиенттік бұйрықтар және мәміле жасау туралы хабарлама клиенттің негізгі құжаттары болып табылады. Акцияларды сатып алу жөніндегі мәміледен кейін брокер клиентке Орталық депозитарийден инвесторға тиесілі инвестордың сатып алған акцияларының саны туралы шоттың үзінді көшірмесін ұсынады.
5. Маған тиесілі «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары туралы тізілімнен үзінді көшірмені қалай алуға болады?
Брокерлік қызмет көрсету туралы шарт жасасқан брокерлік компаниямен байланысуыңыз керек немесе АҚ туралы ҚР заңына сәйкес қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесінің тізімін жүргізетін орталық депозитарийге хабарласуыңыз керек.
6. Акцияларды сатып алған азаматтарды қандай тәуекелдер күтуі мүмкін?
Акцияларға, сондай-ақ басқа нарықтық құралдарға жұмсалымдар жалпы инвестициялардың кірісіне кері әсер ететін белгілі бір тәуекелдермен түйіндес болып табылады.
Потенциалды инвесторға эмитент-компанияның Инвестициялық меморандумының «Тәуекелдер» бөлімін (https://www.kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcioner_men_investor_ushin_akparat/bagali_kagazdar_turali_akparat/ адресі бойынша жарияланған), сондай-ақ есептілікті және компанияның корпоративтік оқиғалары туралы оқиғаларды мұқият зерделеу қажет.

Қажет болған жағдайда сіз нарықтағы барлық үрдістерді бақылайтын және нарық және эмитент-компаниялар бойынша арнайы шолулар шығаратын кәсіби сарапшылар жұмыс істейтін брокерлік компаниядан кеңес ала аласыз.
7. Қор нарығындағы акциялар бағасын қандай өлшемдер белгілейді?
Акциялар бағасын қалыптастырудың негізі - оларға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
ұраныстың азаюы немесе ұсыныстың ұлғаюы акция бағасының төмендеуіне әкеледі және керісінше, сұраныстың артуы немесе ұсыныстың төмендеуі акциялар бағасының өсуін қамтамасыз етеді. Сұраныс пен ұсыныс, атап айтқанда, компаниядан алынған ақпараттан (қызметтің нәтижелері туралы жылдық және аралық есеп беру, маңызды оқиғалар және т.б.), сондай-ақ компанияның сыртқы ортасындағы өзгерістердің әсерінен қалыптасады (макроэкономикалық жағдай, жаһандық және жергілікті қор, шикізат және қаржылық нарықтардағы конъюнктура, саяси жағдайдың және басқа факторлардың өзгеруі).
8. Дивидендтер мөлшері қалай есептеледі?
Дивидендтердің мөлшері жалғыз акционердің 2012 жылғы 3 шілдедегі шешімімен бекітілген «ҚазТрансОйл» АҚ-тың дивидендтік саясатына» сәйкес есептеледі («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма отырысының №75 хаттамасы) және https://www.kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcioner_men_investor_ushin_akparat/dividendtik_saiasat/ адресі бойынша жарияланды.
9. Дивидендтер мен дивидендтер мөлшері қашан төленді?
Осы мәселе бойынша ақпаратты «Дивидендтік саясат» бөлімінен табуға болады (https://www.kaztransoil.kz/kz/akcionerler_men_investorlarga/akcioner_men_investor_ushin_akparat/dividendtik_saiasat/).
10. Дивидендтерге алуға кімнің құқығы бар?
Жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу, «ҚазТрансОйл» АҚ бір жай акциясына дивиденд мөлшерін бекіту туралы шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды. Жалпы жиналыстың шешімі дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күнін, дивидендтер төлеу басталатын күнді белгілейді және «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу тәртібін айқындайды. Атап айтқанда, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-тың атаулы ұстауындағы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу.

«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің тізілімінде тіркелген барлық акционерлер дивидендтер алуға құқығы бар тұлғалардың тізімі жасалған күннен бастап («тізілімдерді тіркеу» күні) дивидендтерді алуға құқылы. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі дивидендтер төлеу басталатын күннің алдындағы күні жасалуы тиіс.
Инвестор 2015 жылғы 23 желтоқсаннан бастап KASE-де «ҚазТрансОйл» АҚ жай акцияларымен сауда-саттық Т + 2 тәртібімен жүзеге асырылатынын есте ұстауы жөн.

Т + 2 тәртібі қолданылатын бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды (меншік құқығының ауысуы) Орталық депозитарий мәміле жасалғаннан кейін, сауда-саттық жабылғаннан кейін және Алматы уақытымен 19.00-ге дейін клиринг сессиясын өткізгеннен кейін екінші күні Т + 2 жүзеге асырады.
11. «КазТрансОйл» АҚ-тың маған тиесілі акциялары бойынша дивидендтер менің карточкалық (банктік) шотыма түскен жоқ. Мәселе неде?
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 166-VI ЗРК Заңы арқылы 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (Бұдан әрі - АҚ туралы заң) 23-бабына өзгерістер енгізілді.

Осы өзгерістерге сәйкес акционердің өзекті реквизиттері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, оған тиесілі дивидендтер оның «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ-тың есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған оның арнайы шотына аударылатын болады. Өз кезегінде, акционер кез келген уақытта «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ-қа өтініш жасау арқылы осы шоттан дивидендтерді талап етуге құқылы (Ақпараттық хабарлама, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 15.08.2018).

Сондықтан жеке мәліметтер өзгерген жағдайда, акционер брокерлік қызмет көрсетуге арналған шарты бар брокерлік компанияның кеңсесіне жүгінуге міндетті. Брокерлік компанияға жүгінген кезде жеке куәлік (немесе реквизиттері брокерлік қызмет көрсету туралы шартта көрсетілген басқа құжат), сондай-ақ шарттың көшірмесі болуы керек. Брокерлік компанияға жүгінген кезде акционер жеке мәліметтерінің, оның ішінде банктік реквизиттерінің дұрыстығын және дәлдігін тексеруі керек, өйткені акционер деректердің өзектілігі үшін өзі жауапкершілік артады.

Бұдан әрі, қажет болған жағдайда, брокерлік компания арқылы өзекті реквизиттерді «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ акционерлерінің тізілімі жүйесіне оларды енгізу үшін жіберуге болады.
 
Орталық депозитарийдің функциялары
«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ қандай функцияларды атқарады?
«Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Орталық депозитарий») құрылтай жиналысының шешімімен (1997 жылғы 16 мамырдағы №1 хаттама) құрылды. Орталық депозитарий келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
  1. Депозитарлық қызметті;
  2. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметтті;
  3. Нақтылы ұстаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша төлем агентін;
  4. Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметін;
  5. Банктік операциялардың жеке түрлерін;
  6. Орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түрлері.
Орталық депозитарий - бұл Қазақстан Республикасының аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін жүргізетін жалғыз ұйым.
2018 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Орталық депозитарий «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ-тың жалғыз акционері болды.
 
Ақпарат алу үшін байланыс құралы
«ҚазТрансОйл» АҚ туралы, оның ішінде дивидендтердің уақытылы және толық төленуі мәселелері бойынша ақпаратты алу үшін кімге хабарласуға болады?
Қосымша ақпарат алу үшін инвесторлармен байланыс қызметіне +7 7172 55-50-49 телефоны арқылы хабарласуға болады және өз сауалдарыңызды «ҚазТрансОйл» АҚ ресми сайтында орналасқан «Кері байланыс» арнасы арқылы жібере аласыздар.
Серiктестер