KZTO 843,00 (-0,59%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 843,00 (-0,59%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Сұрақтар мен жауаптар: Сұрақ №1061

14.02.2020, 22:46
Алданазарова Айдана Шаадизадақызы
Сұрақ: Саламатсыз ба Димаш Ғабитұлы?! Мен Алданазарова Айдана Шаадизадақызы Ақтөбе облысы,Темір ауданы,Шұбарши ауылының тұрғынымын.Жолдасым Садуакасов Талгат Шынболатович сіздерге өз түйіндемесін жолдаған еді.Сіздің компанияға жұмысқа орналасу жолдасымның қазіргі таңдағы мақсаты.Ол басқа компанияларға түйіндеме қалдырғанымен жұмысқа орналасуға тамыр-таныс керек екені бәріне мәлім,тіпті кейбіреуі қомақты қаржы талап етеді.Осындай заңсыздықтың кесірінен көптеген еліміздің жастары,өз ісінің шеберлері жұмыссыз жүргендері қынжылтады.Жолдасым екеуміздің 3 қызымыз бар.Үлкені 5 жаста,ең кішісі 2,5 жаста.Қыздарымыздың дені сау болып өсіп, еліне қызмет ететін азаматшалар болып өсуіне адал еңбек етіп, өз ықпаламызды тигізу біздің басты міндетіміз.Жолдасым осы компанияға жұмысқа кірсе отбасымыздың қуанышында шек болмас еді.Жолдасым еңбекқор,адал,жауапты.Димаш Ғабитұлы!Сұрағымды жауапсыз қалдырмассыз деп үміттенемін.

26.03.2020, 16:06
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Айдана Шаадизадақызы!

Сіздің «Қазтрансойл» АҚ-қа (бұдан әрі - Қоғам) жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлаймыз.

Қоғамға жұмысқа қабылдау «ҚазТрансОйл» АҚ-та бос лауазымдары мен жұмысшы мамандықтарына кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оған сай бос лауазымға/кәсіпке үміткерлер осындай лауазымға/кәсіпке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болулары, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтулері керек.

Қазіргі уақытта Қоғамда кейбір бизнес-процестерді оңтайландыру жүзеге асырылатындықтан, бос лауазымдарға/ кәсіптерге орналасу бірінші кезекте Қоғамның ішкі резервінен жүргізіледі. Ішкі кандидаттар болмаған жағдайда сыртқы кандидаттар жалпы негізде конкурстық іріктеуге қатыса алады.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша сіз Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының кадр қызметіне 8 (7132) 942-212 телефоны арқылы хабарласа аласыз.
Серiктестер