KZTO 843,50 (+1,14%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 843,50 (+1,14%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Сұрақтар мен жауаптар: Сұрақ №1105

29.01.2021, 00:33
Жанмаилов Жеделбай Дукенбаевич
Сұрақ: Ассалаумағалайкум. Мен Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Мибұлақ селолық округіне қарасты шаруа қожалық иесі боламын. Яғни менің шаруа қожалық жерімнен сіздердің электр желісі 10 квт сымдарыңыз өтуде. Осыған орай сіздерден өтініш арқылы шаруашылыққа пайдалануға электр қуатын алуға болама? Қалай білуге болады? Сонымен қатар қасымдағы 3 км жерде орналасқан шаруа қожалық иесі қазіргі уақытта яғни 2018 жылдан бастап электр қуатын пайдалануда! Осы мәселені қалай сұрауға болады? Алдағы уақытта сіздерден рұқсат берулеріңізді сұраймын?

18.02.2021, 10:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап:

Құрметті Жеделбай Дүкенбайұлы!

Осымен «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Сіздің өтінішіңізді қарап, хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес, электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.

Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар тұтынушыға еркін нысанда өтініш және Қағидаларға 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру үшін өтінішке сауалнама парағы (бұдан әрі - сауалнама парағы) негізінде беріледі.

Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, сауалнама парағына Ахуалдық жоспар мен өз бетінше немесе сараптама ұйымын тарту арқылы орындалған, мәлімделген электр қуатының есептеу-негіздемесін қосу қажет екендігіне назар аударамыз.

Серiктестер