28.01.2020, 17:28
Отарбаев Роллан Муратович
Сұрақ: Cыбайлас жемқорлыққа қатысты сауал.
26.03.2020, 16:03
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Роллан Муратұлы!
Сіздің өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз. Өтінішіңізде көрсетілген аудиожазбаны сіз «ҚазТрансОйл» АҚ-тың уәкілетті жұмыскеріне ұсынбадыңыз. Белгіленген тәртіппен жүргізілген тексеріс барысында сіз айтқан фактілер расталмады. Сондай-ақ, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жаза көзделгенін атап өтеміз.