18.02.2020, 16:52
Кенжебекова Роза Бисахановна
Сұрақ: Димаш Досанов мырзаға
Менің балам Бегешев Қуандық 2014жылы жоғарғы оқу орнын бітіріп юрист мамандығын алды.
Мамандығы бойынша жұмыс жасауға 5 жыл стажы болуы керек екен.
Оқуды жаңа бітірген бала да стаж қайдан болсын.
Сол жылы Казтрансойл мекемесіне слесарь болып жұмысқа орналасты. Кейін шофëр , диспетчер болып жұмыс жасады.
Осы жылдар арасында Мұнай жəне газ саласында екінші жоғарғы оқу орнын бітіріп диплом алды.
Өзіне берілген тапсырманы уақытында тиянақты бітіргені жəне жұмысқа деген қабілеті жоғары екенін көрген соң
2016 жылы инженер -техник по учëту болып жұмыс жасаған əйелдің декреттік отпускаға кетуіне байланысты сол орынға отырғызды.
Сол салада жұмыс істеу үшін алдыңғы екі дипломы сəйкес келмейді деген соң үшінші оқу орнына түсті.Бұйырса келесі жылы дипломын алады.
Декреттік отпускасы біткен əйел жұмыстан мүлдем шығатынын айтып хабарлайды.
Алайда жұмыстан шықпас бұрын алынбаған трудовой отпускасын алып сосын жұмыстан шығатын болды.
Осы кезде менің баламды моратория жүріп жатыр деп жұмыстан босатты. Казтрансойлда 5 жыл істеген стажы бар сырттан келген адам емес сол жерден басқа жұмысқа орналастыруы керек емеспе?
Қандай да болсын жұмысқа қабілеті бар аттестациялардан да жоғарғы балл алды. Баламның жұмыс орнына қабылдануына өзіңізден көмек сұраймын.
Қолға алған істі аяғына дейін шешетініңізге сенемін.
Алдын -ала рахмет .
Кенжебекова Роза.
Ақтау қаласы 18.02. 2020 жыл
26.03.2020, 16:10
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Роза Бисаханқызы!
Сіздің өтінішіңізді қарап, ондағы фактілерді зерделей отырып, сіздің ұлыңыз Қуандық Бақытұлы Бегешевпен еңбек шарты ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес оның мерзімінің өтуіне байланысты бұзылғандығын хабарлаймыз.
Сонымен бірге, егер бос орындар болған жағдайда, сіздің ұлыңыз біліктілік талаптарына сай болса, ол бос лауазымдарға/жұмыс кәсіптеріне тұру үшін конкурстық іріктеуге жалпы негізде қатыса алатындығын хабарлаймыз.
Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша сіз Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының кадр қызметіне 8 (7292) 479-774 телефоны арқылы хабарласа аласыз.