KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Сұрақтар мен жауаптар: Сұрақ №1079

02.09.2020, 00:00
Алимбек Бауыржан Алимбекұлы
Сұрақ: Құрметті Димаш Габитұлы. Мен Ұлытау ауданы Борсенгір селолық округіінің әкімі лауазымында қызмет етемін. Біздің ауылдың жанында Қаз Транс Оил АҚ мұнай айдау станциясы орналасқан. Осы ауылдың 10-15 пайыз халқын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Осыған орай сіздің кәсіпорыныңызға рахметіміз зор. Айта кететін жағдай ауылда 630 адам тұрады. Жезқазған-Қарағанды тас жолынан 20 км қашықтықта орналасқан. Жолдың жағдайы ауыр. 2020 жылғы аудан бюджетіне 180 млн теңге сол жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлген болатын, алайда құжат қате болуына байланысты ол қаржы жұмсалынбай, аудан бюджетіне қайтарылып берілді. Жалпы жобаның құны ЖСҚ бойынша 380-400 млн тг. Сіздің акционерлік қоғам тарапынан осы Теректі- Борсеңгір тас жолының 50 пайызына жондеу жұмыстарын жүргізіп беруге демеушілік жасауға болады ма?

22.09.2020, 00:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Бауыржан Әлімбекұлы!

Сіздің Теректі-Борсеңгір автожолын ағымдағы жөндеу жобасын іске асыру үшін қаржылай көмек көрсету туралы өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлаймыз. «ҚазТрансОйл» АҚ бюджетінде «Демеушілік көмек» бабы бойынша ақшалай қаражат көзделмеген. Осы жағдайды ескере отырып, өкінішке орай, қаржылық көмек көрсету мүмкін емес.

Сондай-ақ, Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен (№126 хаттама) бекітілген «Самұрық – Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) қайырымдылық саясатына сәйкес Қор компаниялары тобының демеушілік және қайырымдылық қызметін бірыңғай оператор-«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асыратынын хабарлаймыз.

​Түсінгеніңіз үшін рахмет.
Серiктестер