25.09.2020, 16:23
Бисембаев Руслан Құмарұлы
Сұрақ: Болшақта Қазтрансойлдың әлемдік қор биржаларына шығу мумкінбе? Мысалы Лондон,Нью-иорк,Гонгонг сиақты.
Қазмұнайгаздан бөлініп шығу тимді ме Қазтрансойл үшін. қашан бөлініп шығу жоспарлануда?.
Неліктен Казтрансойл өзінің болашақ өндірістік жоспарлары жайлы ашық жарялап отырмайды ?
Казтрансойл тек мұнай,су тасымалдаумен ғана айналыса береме әлде басқада салаларды игеру жоспарда барма?
30.09.2020, 02:51
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Руслан Құмарұлы!
«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) қызметіне қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз.
Сіздің сұрақтарыңызға мынаны хабарлаймыз.
«ҚазТрансОйл» АҚ жарғылық капиталды және тиісінше өз акцияларының қосымша эмиссиясын ұлғайтуды жоспарламайды, осыған байланысты қандай да бір қор биржаларында листинг қарастырылмайды.
Сондай-ақ, Қоғамды «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамынан шығару туралы қандай да бір шешім қабылданған жоқ.
«ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің ерекшелігін түсіну үшін компанияның негізгі функциясы тұтынушылардың өз қызметтеріне қол жеткізуінің тең жағдайларын қамтамасыз ете отырып, магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнай тасымалдау бойынша сапалы, уақтылы, тиімді, қауіпсіз және бәсекеге қабілетті қызметтер көрсету болып табылатындығын ескеру қажет. Ең бастысы, мұнай тасымалдау қызметтері жүк жөнелтушілерге Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалдау кестесіне сәйкес ұсынылады.
Магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай тасымалдау кестесін қалыптастыру тәртібіне сәйкес ол бір күнтізбелік жылға бекітіледі және ай сайын түзетіледі. Осыған байланысты ҚазТрансОйлдың ұзақ мерзімді болжамдарды жариялау үшін жеткілікті негіздері жоқ.
Қоғамның стратегиясы қызметтердің негізгі түрлеріне шоғырлануды көздейді