23.08.2020, 00:00
Бисембаев Руслан Кумарович
Сұрақ: Саламатсызба? Казтрансойл акцияларынын құнын көтеру үшін бірнеше вариант ұсынғым келеді. 1. Компания акцияларын одан әрі ұсақтау (дровление) мысалы қазыр бір акция 800 теңге шамасында болса осы акцияны 10 есе ұсақтаса бар болғаны 80 теңге тұрар еді. Бұл өз кезегінде сұранысты өсіреді,қолжетімділікті көбейтеді. 2. Неге дивидент жылына емес 6 ай сайын етіп бөліп тастаса бұлда клиенттердің қызығушылықын ұлғайтады. Осындай жолдарын неге капитализация ұлғайтыуға пайдаланып көрмейсіздер.
08.10.2020, 00:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Руслан Құмарұлы!
«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) жай акцияларының өтімділігі туралы мәселеге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздің ұсыныстарыңызды қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қоғам IPO-ға дайындық процесінде 2012 жылы бұрын шығарылған акцияларды 1/10 пропорцияда бөлшектеуді, акциялардың номиналды құнын тиісінше өзгертуді жүзеге асырды, сондай-ақ қосымша эмиссия жүргізді (номиналды құны өзгертілген 38 463 560 дана мөлшерінде акциялар шығарылды).
Қоғам бөлшектеу коэффициентін таңдау және Халықтық IPO бағдарламасы шеңберінде акцияларды орналастыру бағасын белгілеу кезінде түрлі факторларды, оның ішінде Қазақстан халқының қалың жігі үшін бағаның қол жетімділігін ескерді.
Айқындаушы критерий бағаның қол жетімділігі емес, инвестор үшін елеулі экономикалық әсерді қамтамасыз ете алатын инвестициялардың жалпы сомасы екенін есте ұстаған жөн. Инвестор қор биржасындағы акциялармен операцияларды жүзеге асыра отырып, брокер мен биржаның комиссияларына ақы төлеу шығындарын көтереді. «Арзан» акциялардың аз мөлшерін сатып алу тәжірибесіз жеке инвесторлар үшін тиімсіз болуы мүмкін, біз оны болдырмауға тырысамыз.
Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ өзге де дәлелдерді ескере отырып, Қоғам жай акцияларды қосымша бөлшектеуді жүргізуді орынды деп санамайды.
Аралық дивидендтерді төлеуге келетін болсақ, мұндай мүмкіндік Қоғамның дивидендтік саясатында қарастырылған. Қоғамның аралық дивидендтерді төлеу практикасына көшу туралы шешім қабылдауы ұзақ мерзімді перспективада макроэкономикалық жағдайларды, оның ішінде: Қоғамның ұзақ мерзімді дамуының тұрақты жағдайларын қамтамасыз ететін қолайлы салалық конъюнктураны, теңге бағамы мен инфляция деңгейін тұрақтандыру кезінде орынды болады. Қазіргі шарттар, өкінішке қарай, мұндай талаптарға жауап бермейді.