30.05.2021, 10:43
Оңдасын Ерболат Хасанұлы
Сұрақ: Құрметті Димаш Ғабитұлы.
Мен Оңдасын Ерболат Хасанұлы 1958 жылы 14 тамызда Атырау облысы Жылыой ауданы, Қосшағыл поселкесінде дүниеге келдім. Əкем Хасан қазіргі Қосшағыл мұнай-су айдау станциясында 42 жыл « Бас есепші маманы болып қызмет атқарса , ал Анам Унзила « Оператор-машинист « маманы бойынша қызмет етті.
« Əке көрген оқ жанар « демекші , менде Əке жолын қуып 1975 жылы 17 жасымда Қосшағыл мұнай - су айдау станциясына « Құбыршы « болып жұмысқа орналастым. Содан осы мекемеде 1980 жылы жүргізуші маманына ауысып, 1993 жылдан бері осы уақытқа дейін жауапкершілігі мол Автобус жүргізуші маманы бойынша тынбай еңбек етіп келемін.
1999 жылы қыркүйек айында Қазақстан мұнайына 100 жыл толуына байланысты, басшылар тарапынан еңбегім ескерусіз қалмай еленіп, Мұнай - құбырлары басқармасынан жеңіл авто көлікке ие болдым. Қазіргі кезде зейнеттік жасымның жақындауына байланысты , осы салада 46 жыл еңбек өтілімімді елей ескере отырып, Сіздерден əрі қарай ізімді жалғайтын бір баламды осы « Құлсары мұнай - құбырлары « басқармасына жұмысқа орналастыруларыңызды өтініп сұраймын.
Балдарым қазіргі таңда , жоғарғы техникалық білімді , Электр маманы бойынша жұмыс жасаған.
Осы өтінішім Сіздің тарапыңыздан ескерусіз қалмайды деп сенемін.
Сізге деген құрметпен : Оңдасын Ерболат Хасанұлы.
17.06.2021, 12:00
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов
Жауап: Құрметті Ерболат Хасанұлы!
Сіздің «ҚазТрансОйл» АҚ-қа (бұдан әрі - Қоғам) ұлыңызды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлаймыз.
Қоғамдағы бос лауазымдарды толтыру «ҚазТрансОйл» АҚ-тағы бос лауазымдар мен жұмыс кәсіптеріне кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес бос лауазымға/кәсіпке орналасуға кандидаттар осындай лауазымға/кәсіпке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтуі тиіс.
Қоғамда ішкі кадр резервінің болуына байланысты бос лауазымдарға/кәсіптерге орналасу бірінші кезекте ішкі кандидаттар қатарынан жүргізіледі. Ішкі кандидаттар болмаған жағдайда, сыртқы кандидаттар жалпы негізде конкурстық іріктеуге қатыса алады.
Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша Сіздің ұлыңыз «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының кадр қызметіне 8 (71237) 73236 телефоны арқылы хабарласа алады.