KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Сұрақтар мен жауаптар: Сұрақ №1190

08.08.2022, 13:15
Шайырова Жайнагүл Болатбекқызы
Сұрақ: Саламатсызба құрметті Талғат Насимуллаұлы! Мен Шайырова Жайнагүл Болтабекқызы «КазТрансОйл» АҚ Жезқазған Мұнай Құбыры жұмыскері бұл жүйеде 2013 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқаныма жалпы 9 жыл болды. Вахталық жұмысты Жезқазған Мұнай Құбыры басқармасы «Құмкөл» БМАС-да «Құмкөл» ҚТП тауар операторы болып 2013-2014жж жұмыс жасадым. 2014-2017жж аралығында АО Н-П Тургай-Петролеумге «Құмкөл» БМАС құрамындағы «Құмкөл» ҚТП тауар операторы болып ауыстырып, сонда жұмыс жасадым. 2017 жылы қараша айында жүктілікке байланысты декретті демалысқа шықтым. 2019 жылы ақпан айында екінші балама жүктілікке байланысты декретті демалысқа шықтым. Міне содан бері 4 жылдан астам декретті демалыста болып келемін. Екі балам бар, үлкенім 4 жаста, кішкентайым 2 жаста. 2022 жылдың қыркүйек айында жұмысқа шығуым керек. Екі кішкентай баламмен Құмкөлге вахталық режимдегі жұмысты жасау қиын болып тұрғаны себепті және балаларымды тастап вахталық жұмысқа кете алмауым себепті Сізден мені тұрғылықты жерім Ақтөбе қаласы болғандықтан, Ақтөбе Мұнай Құбыры Басқармасының қалаға жақын жердегі бөлімшелеріне 8 сағаттық жұмыс режиміне немесе Ақтөбе қаласына 8 сағаттық жұмысқа: тауар операторы, МАС операторы, лаборант сияқты мамандығыма сәйкес босаған орындар болса, ол мүмкін болмаса, кез-келген әйел адам жасай алатын лауазымға жұмысқа ауыстыруыңызды сұраймын. Алдын ала рахмет!

16.08.2022, 08:58
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Талғат Құрманбаев
Жауап: Құрметті Жайнагүл Болатбекқызы!
 
Сіздің «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасына ауысу мәселесі бойынша 2022 жылғы 08 тамыздағы өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қоғамдағы бос лауазымдарға орналасу «ҚазТрансОйл» АҚ-та бос лауазымдар мен жұмысшы кәсіптеріне кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес бос лауазымға орналасуға кандидаттар осындай лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуге, сондай-ақ конкурстық іріктеуден өтуге тиіс.
Өтініште баяндалған фактілерді назарға ала отырып, Сіздің біліктілігіңізге сәйкес келетін бос орындар пайда болған кезде, сізді ауыстыру мүмкіндігі туралы мәселе конкурстық іріктеу рәсіміне сәйкес жалпы негіздерде қаралатын болады.
Серiктестер