KZTO 834,99 (-0,58%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,99 (-0,58%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

1 қыркүйектен бастап «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша ішкі нарыққа мұнай айдау қызметіне уақытша өтемдік тариф 4 328,04 теңгені құрайды

23.08.2022    Көрулер: 2601
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2022 жылғы 19 тамыздағы №121-НҚ бұйрығымен 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының магистральдық құбыр жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2021 жылғы 26 қарашадағы №131-НҚ бұйрығы жойылды деп танылғанын хабарлайды.
Көрсетілген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2021 жылғы 29 қазандағы №117-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына магистральдық құбыр жүйесі бойынша мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тариф ҚҚС-сыз 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 328,04 теңге мөлшерінде қайта қолдана бастайды.
 


Серiктестер