KZTO 750,00 (+0,14%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 750,00 (+0,14%)
Brent 111,24 (+1,14%)
WTI 111,47 (+1,08%)
424,25
449,69
7,22

Жалпы ақпарат

Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғаларға жыл сайынғы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметі туралы есеп

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ жыл сайын тыңдау нысанында тұтынушылар мен мүдделі тұлғаларға есеп береді. Жыл сайын есеп беру қағидаттары – табиғи монополия субъектісі қызметінің жариялылығы, транспаренттігі, сондай-ақ тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүддесі балансын сақтау. Жыл сайынғы есеп мынадай ақпаратты қамтиды:
  • инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы,
  • есепті кезеңдегі қызметтің негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы,
  • есепті кезеңде ұсынылған реттелетін қызметтердің көлемі туралы,
  • реттелетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы,
  • есепті кезеңде бекітілген тарифтік сметаны бап бойынша орындау туралы,
  • қызмет перспективалары (даму жоспарлары), о.і. реттелетін қызметтерге тарифтердің өзгеруі ықтималдығы туралы.

«ҚазТрансОйл» АҚ тұтынушыларын қабылдауға қатысты

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 34) тармақшасына сәйкес тиісті табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның құзыретіне табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп айына бір реттен сиретпей тұтынушыларды қабылдауды жүргізу кіреді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2020 жылға арналған тұтынушыларды қабылдау кестесін бекітті (қоса берілген), осыған сәйкес әр айдың бірінші сейсенбісінде қабылдау көзделген.

Жүргізу орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы «Министрліктер үйі», 11-кіреберіс, 439-кабинет.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2021 жылдың 1-жартыжылдығындағы бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттелетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерін сақтау және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы қол жеткізілген қызмет тиімділігінің көрсеткіштері туралы есебі (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    1.87Мб    227

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 2020 жылға арналған табиғи монополия субъектілерімен бірге тұтынушыларды қабылдау кестесі (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    64.59Кб    396
Серiктестер