«ҚазТрансОйл» компаниялар тобы активтерінің құрылымы

Структура активов группы компаний "КазТрансОйл"
Структура активов группы компаний "КазТрансОйл"

«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Даму стратегиясы аясында Компанияның бейінді емес активтерін иеліктен шығаруға және негізгі активтерінің құрылымын оңтайландыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруда.
 
  • 2008 жылы «Black Sea Maritime Limited», «Kavkaz Maritime Limited», «Batumi Port Holdings Limited», «Alegratrans Overseas Limited», «Dakino Investments Limited», «Rodio Investments Limited», «Port Capital Partners Limited» компаниялары таратылды.
  • 2013 жылдың маусым айында «Batumi Holding N.V.» компаниясы таратылды.
  • 2013 жылдың 23 желтоқсанында «Batumi Industrial Holdings Limited», «Batumi Capital Partners Limited» компанияларын, сондай-ақ «Batumi Services Limited» компаниясын «Batumi Terminals Limited» компаниясымен біріктіру арқылы қайта ұйымдастырудың негізгі кезеңі аяқталды.
  • 2015 жылдың 31 желтоқсанында KCP Finance BV таратылды.
Жоғарыда көрсетілген компанияларды қайта құрудың қорытындылары бойынша «Batumi Terminals Limited» компаниялар тобы құрылды, оның құрамына «Batumi Terminals Limited» (бұдан әрі – BTL, Кипр), Грузия мемлекетіне тиесілі «Батуми теңіз кемежайы» ЖШҚ-да 100% үлесін басқаруға эксклюзивті құқықтардың құқықтық мұрагері «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (Грузия), Petrotrans Limited (Британдық Виргин аралдары) (бұдан әрі – PTL) 4 компания кірді.

Қоғам 2015 жылдың қазанынан бастап басқару деңгейлерін қысқарту үшін BTL компаниясын тарата отырып, бір мезгілде BTL компаниясын қайта құрды. 2017 жылдың наурызында BTL-ді тарату аясында Қоғам PTL компаниясы акцияларының бумасына 100% тікелей ие болды.

2017 жылдың 28 маусымында BTL таратылды.

BTL-ді таратуға байланысты 2017 жылдың 22 тамызында Грузия Әділет министрлігінің Жария тіркелім ұлттық агенттігінің Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік емес (коммерциялық емес) заңды тұлғалар тіркелімінде тіркеуге өзгерістер енгізілді, оған сәйкес «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ меншік иесі қазір «ҚазТрансОйл» АҚ.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШС мемлекетке тиесілі «Батуми теңіз порты» ЖШС 100% үлесін басқаруға ерекше құқықтарға ие (Грузия).

2017 жылдың 26 ​​қарашасында Petrotrans Limited компаниясы Британдық Виргин аралдарының юрисдикциясынан Біріккен Араб Әмірліктерінің «Абу-Дабидің жаһандық нарығы» арнайы экономикалық аймағына берілді. Бұл экономикалық аймақ Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының мақсаттары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген салық салуы жеңілдігі бар мемлекеттердің тізіміне енгізілмеген.

Компанияның бейінді емес активтерін иеліктен шығару Қоғам органдарының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады:
  • 2012 жылы Қоғам «ҚазТрансОйл-Сервис» АҚ акциялары 100% бумасын «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС пайдасына сатуға мәміле жасады.
  • 2013 жылы Қоғам Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде 170 орынға арналған жаңадан салынған кешенді балабақша Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне өтемсіз негізде берілді.
  • 2013 жылы Қоғам Алматы облысының Үшарал қаласында жаңадан салынған спорт алаңын Алматы облысының коммуналдық меншігіне өтемсіз негізде берді.
  • «ҚазТрансОйл» АҚ тұрғын үй қорынан жұмыскерлерге жалға үй беру және иеліктен шығару қағидасына сәйкес Қоғам 2013-2014 жылдары 52 пәтерді, оның ішінде Қоғамның Батыс филиалы бойынша 19 пәтер, Қоғамның Шығыс филиалы бойынша 30 пәтер, орталық аппараты бойынша 3 пәтерді сатты.
  • Қосымша айтарымыз, Қоғамның шешімдеріне сәйкес өзге де бейінді емес активтер мен нысандар иеліктен шығарылды, оның ішінде республиканың жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіне иеліктен шығарылды.
  • 2014 жылғы тамызда Қоғам «Қазақстан Халық банкі ЖЗҚ» АҚ акцияларының 0,88% сату бойынша мәмілені жүзеге асырды.