«МұнайТас» ЖШС
Жалпы ақпарат
«МұнайТас» ЖШС (МұнайТас) – қатысушылары «ҚазТрансОйл» АҚ (қатысу үлесі – 51%) және CNPC Exploration and Development Company Ltd. (қатысу үлесі – 49%) болып табылатын шетелдік қатысу бар заңды тұлға, 2001 жылғы желтоқсанда құрылған.МұнайТас табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.
МұнайТас 2004 жылы пайдалануға енгізілген «Кеңқияқ-Атырау» магистральді мұнай құбырының меншік иесі. Магистральді мұнай құбырының ұзындығы 448,8 км, диаметрі – 610 мм, ағымдағы өткізу қабілеті - 6 млн т/ж.
Мұнай құбыры Ақтөбе және Атырау облыстарындағы кен орындарының мұнайын Атырау МӨЗ-де өңдеу үшін, мұнайды Атырау – Самара және КҚК мұнай құбырларына, сонымен қатар теміржол көлігіне ауыстырып, тасымалдауға арналған.
Өндірістік және қаржылық көрсеткіштер
2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Тасымалдау көлемі, мың тонна | 5 958 | 4 232 | 4 029 | 3 828 | 3 442 | 3 022 | 3 744 | 4 620 | 3 660 | 3 877 | 3 232 |
Жүк айналымы, млн тонн*км | 2 549 | 1 726 | 1 612 | 1 492 | 1 318 | 1 159 | 1 467 | 1 843 | 1 437 | 1 522 | 1 232 |
Түсім, млн теңге | 7 904 | 5 352 | 4 999 | 7 719 | 7 795 | 6 861 | 8 681 | 10 896 | 8 476 | 8 908 | 8 542 |
Жиынтық пайда, млн теңге | 739 | 123 | 826 | 2 133 | 2 349 | 1 443 | 5 365 | 4 581 | 3 357 | 3 235 | 1 848 |
Басқару органдары
Жоғары басқару органы – Акционерлер Жалпы жиналысы.Қадағалаушы орган – Бақылау кеңесі.
- Бақылау кеңесінің төрағасы: Цзинь Цинго – «Sino-Pipeline International Company» ( «CNPC Exploration and Development Company Ltd.» компаниясынан) Бас директордың орынбасары.
- Бақылаушы кеңестің мүшесі: Адилова Ш.Б. – бас директордың орынбасары («ҚазТрансОйл» АҚ-нан).
- Халимов М.К. – бас директор (Басқарма Төрағасы);
- Хао Юнь – бас директордың бірінші орынбасары;
- Ким Э.А. – бизнесті қолдау бойынша бас директордың орынбасары;
- Ван Ли – бас директордың орынбасары – бас есепші.
Мекенжай
Қазақстан Республикасы, А15E0G0Алматы қ., Бостандық ауданы
Тимирязев көшесі, 26/29 ғимарат, 6 қабат
Телефон.: +7 (727) 312 22 12
Факс: +7 (727) 356 26 38
Сайт: http://www.munaitas.kz