KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС

Жалпы ақпарат

«МұнайТас» Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС («МұнайТас» СБҚК) – шетелдік қатысуы бар заңды тұлға, қатысушылары «ҚазТрансОйл» АҚ (қатысу үлесі – 51%) және CNPC Exploration and Development Company Ltd. (қатысу үлесі – 49%), 2001 жылғы желтоқсанда құрылған.
 
«МұнайТас» СБҚК табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.
 
«МұнайТас» СБҚК 2004 жылы пайдалануға берілген «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырының меншік иесі болып табылады. Магистральдық мұнай құбырының ұзындығы 455,1 км, диаметрі – 610 мм, ағымдағы өткізу қабілеті - 6 млн т/г құрайды.
 
Мұнай құбыры Ақтөбе және Атырау облыстарындағы кен орындарынан: Атырау МӨЗ-де өңдеу, Атырау-Самара және КҚК мұнай құбырларына мұнайды ауыстырып тиеу, сондай-ақ теміржол көлігіне мұнай тасымалдау үшін пайдаланылады.

ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023
Тасымалдау көлемі, мың т. 5 958 4 232 4 029 3 828 3 442 3 022 3 744 4 620 3 660 3 877 3 232 3 321 4 273 5 606 5 527
Жүк айналымы, млн тонн*км 2 549 1 726 1 612 1 492 1 318 1 159 1 467 1 843 1 437 1 522 1 232 1 322 1 725 2 264 2 236
Түсім, млн теңге 7 904 5 352 4 999 7 719 7 795 6 861 8 681 10 896 8 476 8 908 7 236 7 501 10 206 13 399 13 237
Қорытынды пайда, млн теңге 739 123 826 2 133 2 349 1 443 5 365 4 581 3 357 3 235 1 848 2 428  2 314 2 447 1 740

органдар

Жоғары басқару органы – Қатысушылардың жалпы отырысы
 
Бақылаушы орган – Байқау кеңесі:
  • Байқау кеңесінің төрағасы: Цай Цзян – «Sino-Pipeline International Company» компаниясы («CNPC Exploration and Development Company Ltd» компаниясының) бас директорының орынбасары;
  • Байқау кеңесінің мүшесі: Т.Қ. Әбдіров – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары
Атқарушы орган – Басқарма:
  • Д.Ж. Құлекеев – бас директор (Басқарма төрағасы);
  • Юань Вэньяо – бас директордың бірінші орынбасары;
  • Нагаев Р.М. – бас директордың жоспарлау және бақылау жөніндегі орынбасары;
  • Чжао Юйху – бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, А15E0G0
Алматы қ., Бостандық ауданы
Тимирязев көшесі, 26/29 ғимарат, 6 қабат
Телефон.: +7 (727) 312 22 12
Факс: +7 (727) 356 26 38
Сайт: https://munaitas.kz
Серiктестер