Басқарма

Жайдарман Исақов
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары
Басқарма құрамына 2018 жылдың 23 маусымында қайта сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Туған күні: 29 қазан 1965 жыл.

Білімі: 1989 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі «Заңгер». 2003 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясында оқып, «Мұнай-газ саласындағы заңгер» біліктілігін иеленді.

Жұмыс тәжірибесі:
  • Еңбек жолын 1989 жылы ССРО Қорғаныс Министрлігінің Сауда басқармасының №456 сауда- дайындау базасының заң кеңесшісі қызметінен бастады, кейін мамандығы бойынша түрлі компаниялар мен банктерде, ҚР Қаржы министрлігінде қызмет етті. Мұнай-газ саласында 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап істейді, атап айтқанда: «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Мұнай және газ көлігі» ҰК ЖАҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ.
  • 2002 жылдың 1 қазанынан «ҚазТрансОйл» АҚ Заң департаментінің директоры лауазымына тағайындалды. 2003 жылғы 12 мамырдан Компанияның Басқарма мүшесі.
  • 2014 жылдың 4 мамырында «ҚазТрансОйл» АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.
  • 2016 жылғы 10 тамыздан бастап - қазіргі уақытты қоса алғанда «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ Байқаушы кеңесінің мүшесі.
  • 2020 жылдың 8 мауысымынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары қызметін қоса атқарушы.
Қосымша істеген жұмыстары және директорлар кеңестеріндегі мүшелігі: Жоқ.