Басқарма құрамына сайланды: 2024 жылғы 22 шілдеде
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Туған күні: 1977 жылғы 16 қыркүйек
Білімі:
1999 жылы Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылы Мәскеу көлік институтын «Көлік-логистикалық жүйелердегі басқару» мамандығы бойынша бітірді.
Жұмыс тәжірибесі:
-
Еңбек жолын 1999 жылы «ҚазСертико» мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы» РМК сараптама және аудит бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
-
2000 жылдан 2002 жылға дейін диссертациялық зерттеу жұмысы аясында Мәскеу автомобиль-жол институтында (ГТУ) тағылымдамадан өтті.
-
2002-2003 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ маркетинг және коммерция басқармасының менеджері болып жұмыс істеді.
-
2003-2006 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ газ тасымалдау және маркетинг департаментінде менеджер, бас менеджер, директордың орынбасары болып жұмыс істеді.
-
2006-2008 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
-
2008 жылғы қыркүйектен 2014 жылғы қарашаға дейін корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарды, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма мүшесі болды.
-
2012 жылғы маусымнан 2014 жылғы қарашаға дейін бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, «ҚазТрансГаз» АҚ Басқарма мүшесі болды.
-
2014 жылғы қарашадан 2020 жылғы маусымға дейін «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры - Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
-
2022 жылдың наурызынан 2024 жылдың шілдесіне дейін «QazaqGaz» ҰК АҚ Басқарма төрағасының стратегия және бизнес-даму, маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Басқа да лауазымдары:
-
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (07.10.2022-07.2024)
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
-
«Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ (2003), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (2007, 2010), Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Құрмет грамотасы (2010, 2011);
-
Медальдар: Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Құбыржол көлігіне 70 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» (2012), мерейтойлық медаль - «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016);
-
Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің алғыс хаты (2010)
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
-
Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Кәсіпорынға көліктік-логистикалық қызмет көрсету жүйесі» (2002)
Қоғамның акцияларын иелену: жоқ
Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына меншік құқығы: жоқ