KZTO 819,00 (-0,10%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 819,00 (-0,10%)

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ

Жалпы ақпарат

«ҚазТрансОйл» АҚ 2017 жылғы 22 тамыздан бастап «Батуми мұнай терминалы»  ЖШҚ-ның (бұдан әрі – БМТ) Грузиядағы өндірістік активтерді тікелей иелену және басқару жүзеге асырылатын 100% қатысу үлесіне ие. «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ мемлекетке (Грузия) тиесілі «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-ның 100% үлесін басқаруға айрықша құқыққа ие.

ТАРИХ

2008 жылы «Black Sea Maritime Limited», «Kavkaz Maritime Limited», «Batumi Port Holdings Limited», «Alegratrans Overseas Limited», «Dakino Investments Limited», «Rodio Investments Limited», «Port Capital Partners Limited» компаниялары таратылды.

2013 жылдың маусым айында «Batumi Holding N.V.» компаниясы таратылды.

2013 жылдың 23 желтоқсанында «Batumi Industrial Holdings Limited», «Batumi Capital Partners Limited» компанияларын, сондай-ақ «Batumi Services Limited» компаниясын «Batumi Terminals Limited» компаниясымен біріктіру арқылы қайта ұйымдастырудың негізгі кезеңі аяқталды.

2015 жылдың 31 желтоқсанында KCP Finance BV таратылды.

Жоғарыда көрсетілген компанияларды қайта құрудың қорытындылары бойынша «Batumi Terminals Limited» компаниялар тобы құрылды, оның құрамына «Batumi Terminals Limited» (бұдан әрі – BTL, Кипр), Грузия мемлекетіне тиесілі «Батуми теңіз порты» ЖШҚ-ның 100% үлесін басқаруға айрықша құқықтардың құқықтық мұрагері «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (Грузия), Petrotrans Limited (Британдық Виргин аралдары) 4 компания кірді.

Қоғам 2015 жылдың қазанынан бастап басқару деңгейлерін қысқарту үшін BTL компаниясын тарата отырып, бір мезгілде BTL компаниясын қайта құрды. 2017 жылдың наурызында BTL-ді тарату аясында «ҚазТрансОйл» АҚ Petrotrans Limited компаниясының 100 % акциялар пакетіне тікелей ие болды.

2017 жылдың 28 маусымында BTL таратылды.

BTL-ді таратуға байланысты 2017 жылдың 22 тамызында Грузия Әділет министрлігінің Жария тіркелім ұлттық агенттігінің Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік емес (коммерциялық емес) заңды тұлғалар тіркелімінде тіркеуге өзгерістер енгізілді, оған сәйкес «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ның меншік иесі қазір «ҚазТрансОйл» АҚ.

Органдар

Жалпы жиналыс

Байқау кеңесі:
  • Бақылау кеңесінің төрағасы: Сағиев Эрик Бекболатұлы, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының тасымалдау жөніндегі орынбасары
БМТ Байқау кеңесінің мүшелері:
  • Әбдіров Темірхан Қайырбеқұлы; «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;
  • Исақов Жайдарман Әзімханұлы, «ҚазТрансОйл» АҚ заң мәселелері жөніндегі басқарушы директоры
БМТ атқарушы органы – Бас директоры: Ташибаев Фархат Нұрмухаметұлы

ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ

 
2018 2019 2020 2021 2022 2023
Ауыстырып тиеу және тасымалдау көлемі, мың т. 1 030 857 1 051 1 324 1 927 1 574
Түсім, млн теңге 9 365 8 188 10 644 11 831 18 002 19 809
Қорытынды пайда, млн теңге -4 573 -12 436 -327 2 472 7 987 1 360

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АЯСЫ

Мұнайды, мұнай өнімдері мен газды, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнімдерін (бұдан әрі – жүк) ауыстырып тиеу, тасымалдау, экспедициялау, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметтерді ұсыну:
  • жүктерді танкерлерден немесе танкерлерге төгу немесе құю;
  • жүктерді айлақтар және технологиялық құбырлар арқылы айдау;
  • жүктерді резервуарларда сақтау;
  • жүктерді автомобиль және теміржол эстакадалары арқылы резервуарлардан авто- және вагон-цистерналарға айдау және кері айдау.

Мекенжайы

6000, Грузия, Батуми қ., Әулие Северин Аджарели көшесі, 4г
Телефон: +995 422 27 60 06
Серiктестер