KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Атырауда «ҚазТрансОйл» АҚ «Үздік маман» байқауының екінші туры бастау алды

22.04.2019    Көрулер: 1585
Дереккөз: Баспасөз қызметі
С 22 - 25 сәуір аралығында Атырауда «ҚазТрансОйл» АҚ дербес құрылымдық бөлімшелері (ДҚБ) арасындағы байқаудың 1 тур жеңімпаздары арасында «Үздік маман» байқауының 2 туры өткізіледі. Биыл өз мамандығының үздігі атағы үшін ДҚБ 1 турының 75 жеңімпазы сынға түседі. Байқауда мамандар «Үздік желілік мұнайқұбыршы», «Үздік электргаздәнекерлеушісі», «Үздік тауар операторы», «Үздік химиялық сараптау лаборанты», «Үздік технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі», «Үздік бақылау-өлшеу құралдары және және автоматика слесарі», «Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері» және «Үздік мұнай айдау стансасының операторы» сынды 8 аталым бойынша бақ сынайды. «Үздік маман» байқауының екінші туры Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік нысандары- Т.Қасымов және Н.Шманов атындағы мұнай айдау стансаларында өтеді. Байқау қорытындысы 2019 жылдың 25 сәуірінде жарияланады. Биылғы байқау 1 және 2 турды қосқанда қатысушылардың рекордтық санын жинады - «ҚазТрансОйл» АҚ-ның барлық бөлімшелері бойынша 308 маман қатысты. Олардың 40 пайыздан астамы жас мамандар. 2 турдың жеңімпаздары халықаралық «Үздік маман» байқауына жолдама алады. Халықаралық байқау әлемдегі ең ірі мұнай тасымалдаушылар, Халықаралық мұнай тасымалдаушылар ассоциациасының (МАТН) құрамындағы: ресейлік «Транснефть», белорустық «Гомельтранснефть - Дружба», украиналық «Укртранснафта», словакиялық «Транспетрол», венгрлік MOL және қытайлық CNPC компанияларының мамандары арасында Атыраудағы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өндірістік нысандарында өткізілмек. Майталмандар арасындағы Халықаралық масштабтағы сайыс Қазақстанда тұңғыш рет өткізілгелі отыр. Бүгін байқау 2 турының ашылу салтанатында қатысушыларды «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов құттықтап, сәттілік тіледі. «Үздік маман» байқауы – білім мен біліктілікті сынайтын, тәжірибе бөлісетін және шеберлікті шыңдайтын сайыс алаңы. Сіздер өз істеріңізбен байқаудың екінші турына қатысуға лайық екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сіздердің араларыңызда осы байқаудың болашақ жеңімпаздары, халықаралық байқаудың қатысушылары тұр. Халықаралық дәрежедегі байқау осы Атырау жерінде тамыз айында өткізіледі. Сіздердің жоғары деңгейде шеберлік үлгісін көрсететіндеріңізге сенім білдіремін», - деді Д.Досанов қатысушыларға арнаған тілегінде. Салтанатты шара аясында компания басшысы мұнайқұбыршылардың болашақ буынына арнаған жолдауын «Достық» футурологиялық капсуласына салып, оны мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясы мүше мемлекеттердегі компанияларға аттандырды Капсуланың қозғалыс бағыты серіктес компанияларды байланыстыратын мұнай құбыры желісімен сәйкес жүреді: Қазақстаннан-Ресейге, ары қарай Украинаға, Белоруссияға, Словакияға, Венгрияға және Чехияға жеткізіледі. Ал, Қазақстаннан Қытайға капсуланы аттандыру бөлек бағыт бойынша жүреді. Капсула жолында жоғарыда аталған елдердегі мұнай тасымалдайтын компаниялардың бірінші басшыларының «Болашақтағы мұнай тасымалы технологиясы» тақырыбындағы 8 жолдауын жинайды. Тамыз айында капсула Атырауға оралып, халықаралық «Үздік маман» байқауының ашылу салтанатында «Достық» стеласына қойылады. Бірінші басшылардың жолдауы 2023 жылы халықаралық мұнай тасымалдаушылар ассоциациясының 10 жылдығы шарасында ашылып оқылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі департаменті


Серiктестер