KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Атырауда мұнайқұбыршылардың халықаралық «Үздік маман-2019» байқауы басталды

05.08.2019    Көрулер: 1932
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Атырауда 2019 жылдың 5-8 тамыз күндері аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ Н.Шманов және Т.Қасымов атындағы мұнай айдау стансалары алаңында халықаралық «Үздік маман» байқауы өтеді. Кәсіби мамандардың сайысында Халықаралық мұнай тасымалы ассоциациясына (ХМТА) мүше компаниялар бақ сынайды. Олар: қазақстандық «ҚазТрансОйл» АҚ, ресейлік «Транснефть», беларусиялық «Гомельтранснефть Дружба», украиндық «Укртранснафта», словакиялық «Транспетрол», венгрлік MOL және қытайлық CNPC – ірі мұнай тасымалдау компанияларынан 44 маман қатысады. «Үздік маман-2019» салтанатты шарасының ашылу салтанатына Халықаралық мұнай тасымалы ассоциациясына (ХМТА) мүше мемлекеттер - қатысушы компаниялар мен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арыновтың айтуынша, байқаудың басты мақсаты жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеріп, мамандардың біліктілігін арттыру. -Байқау халықаралық мұнай тасымалы ассоциациясына (ХМТА) мүше компаниялардың кәсіби тұрғыдан бірігіп, тәжірибие мен білім алмасуға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз мұнай тасымалымен айналысатын компаниялардағы жас мамандардың кәсіби біліктілігінің ұдайы өсіп келе жатқандығының белгісі. Биылғы жылы сайыс Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр,- деп атап өтті ол. Байқау алдында (ХМТА) мүше қатысушы компания өкілдері мұнай құбыры саласындағы жаңа технологиялар туралы жазылған 8 жолдауы бар «Достық» футурологиялық капсуласын «Достық» стеласына салды. Жолдау болашақ толқынға арналған және 2023 жылы Ассоциацияның 10 жылдығында ашылатын болады. 3 күн ішінде конкурсанттар өздерінің кәсіби деңгейін 8 номинация бойынша паш етпек. Олар: «Үздік электргазбен дәнекерлеуші», «Үздік тауар операторы», «Үздік химиялық сараптау зертханашысы», «Үздік технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі», «Үздік бақылау-өлшеу құралдары және және автоматика слесарі», «Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері», «Үздік мұнай айдау стансасының операторы». Қатысушылардың жұмыстары бірнеше шарт, яғни теориялық дайындық, өндірістік тәжірибие және еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша бағаланатын болады. Қазақстан намысын «ҚазТрансОйл» компаниясының кәсіби мамандарынан жасақталған командасы қорғайтын болады:
  • Айман Сисекенова – «Үздік химиялық сараптау зертханашысы» номинациясы бойынша – Құлсары мұнай құбыры басқармасының «Прорва» Мұнай айдау стансасының химиялық сараптау зертханашысы;
  • Үсер Дәрібай - «Үздік тауар операторы» номинациясы бойынша - Атырау мұнай құбыры басқармасының Т. Қасымов атындағы мұнай айдау стансасының тауар операторы;
  • Антон Артюшенко - «Үздік мұнай айдау стансасының операторы» номинациясы бойынша – Павлодар мұнай құбыры басқармасы «Екібастұз» мұнай айдау стансасының операторы;
  • Рүстембек Жылкелдиев - «Үздік желілік мұнайқұбыршы» номинациясы бойынша – Құлсары мұнай құбыры басқармасының апатты қалпына келтіру пунктінің желілік мұнайқұбыршысы;
  • Рашид Бақтығалиев - «Үздік электргаздәнекерлеушісі» номинациясы бойынша - Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасының электргаздәнекерлеушісі;
  • Антон Ползяков - «Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері» номинациясы бойынша - Атырау мұнай құбыры басқармасы релелі қорғаныш аппаратурасы және автоматиканы жөндеу жөніндегі электрмонтері;
  • Нұрмұханбетәли Лұқпанов - «Үздік технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі» номинациясы бойынша – Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының өндірістік қызмет көрсету базасының технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі;
  • Айдар Аманғалиев - «Үздік бақылау-өлшеу құралдары және және автоматика слесарі» номинациясы бойынша – Атырау мұнай құбыры басқармасы, автоматтандырылған басқару жүйесі телімнің бақылау-өлшеу құралдары және және автоматика слесарі.
Алғашқы рет мұнай құбыры саласындағы жұмысшылардың өзара халықаралық «Үздік маман» байқауы 2003 жылы (Ресейдің) Самара қаласында өтті. 3 рет кәсіби мамандардың сайысы Қазақстанда өтті; 2004 және 2007 жылдары Ақтау қаласында, 2012 жылы Павлодарда өтті.

«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Серiктестер