KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

ҚМГ басшысы мен «Транснефть» ЖАҚ президенті ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

03.10.2024    Көрулер: 6267
Мәскеу қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов, «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токаревпен жұмыс бабында кездесті.
 
Кездесуде ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайы «Транснефть» ЖАҚ және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мұнай құбыры жүйелері арқылы тұрақты тасымалданып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар А.Хасенов Қазақстан мұнайын «Дружба» мұнай құбыры арқылы тасымалдауға қолдау көрсеткені үшін Ресей тарапына алғысын білдірді.
 
Кездесуде тараптар мұнай тасымалдау, КҚК қызметі саласындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі мен КҚК теңіз терминалы объектілерін жаңғырту және сенімділігін арттыру жөнінде компания іске асырып жатқан бағдарламаларды, сондай-ақ КҚК-ның мұнай тиеу жүйесіне қатысты алдағы жоспарларын талқылады.
 


Серiктестер