«Қазақстан – Қытай» мұнай құбырының кеңейтілуі
Компания үшін ғана емес, жалпы алғанда Қазақстан Республикасы үшін де ең ірі және стратегиялық маңызды инвестициялық жобалардың бірі – «Қазақстан – Қытай» магистралдық мұнай құбырлары жүйесін салу жобасы болып табылады.
Жоба мұнай құбырының өткізу қабілетін кезең-кезеңімен арттыруды көздеді. Бұл ішкі нарыққа және ҚХР-ға экспортқа тасымалдау көлемінің ұлғаюына қарай жаңа және қолданыстағы мұнай айдау станцияларын салу мен жаңғырту, сондай-ақ тиісті учаскелерде мұнай құбырларын ауыстыру арқылы жүзеге асырылды.
Бірінші кезең аясында 2006 жылы ұзындығы 965,1 км болатын «Атасу – Алашанькоу» магистралдық мұнай құбыры салынып, пайдалануға берілді, ал 2009 жылы ұзындығы 794,26 км «Кенқияқ – Құмкөл» магистралдық мұнай құбыры іске қосылды.
Жобаның қатысушылары – «ҚазТрансОйл» АҚ, «СБҚК «МұнайТас» ЖШС және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС. Әрбір қатысушы «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырының өз учаскесінің иесі болып табылады.
2024 жылы Компания «СБҚК «МұнайТас» ЖШС-мен бірлесіп, «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырын салудың екінші кезеңінің екінші кезегіне кіретін «Кенқияқ – Атырау» учаскесін кері айдау жүйесіне көшірудің бірінші кезеңі (жылына 6 млн тоннаға дейін) инвестициялық жобасын іске асырды. Бұл жоба аясында мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 20 млн тонна мұнайға дейін ұлғайту көзделген.
Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде Батыс Қазақстан мұнайын «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (ПҚОП) кәсіпорындарына жеткізудің техникалық мүмкіндігін құру, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру болып табылады.
Нысанды пайдалануға қабылдау актісі 2024 жылғы 20 желтоқсанда қол қойылды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдың 4-тоқсанында басталды. Жоба аясында ұзындығы 176 шақырымға жуық «Астрахан-Маңғышлақ» магистральды су құбырының екі учаскесі ауыстырылды. Жобаны іске асыру нәтижесінде «Магистарльды Суағызғысы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының өткізу қабілетін тәулігіне 110 мың м³-ден 170 мың м³-ге дейін қамтамасыз етеді.
«Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбыры стратегиялық маңызды нысан болып табылады, ол Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының тұтынушыларын сумен қамтамасыз етеді. Суды тұтынушылардың саны Маңғыстау облысы бойынша халықтың 35 пайыздан астамын және Атырау облысы халқының 28 пайыздан астамын құрайды. Жыл сайын халықтың су тұтынуы 4-5 пайызға артып келеді.
Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан мұнай-газ өндіру және өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ мұнай-химия өндірісі жобаларының жұмыс істеуі мен дамуы Еділ суының үздіксіз жеткізілуіне байланысты.
Қашаған кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы үшін су құбырының құрылысы
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС («ҚазТрансОйл» АҚ 100% үлесі) Атырау облысындағы «Қашаған кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы үшін су құбырының құрылысы» жобасын жүзеге асырды.
Су құбыры Қашаған кен орнындағы ілеспе газ өңдеу зауытының құрылысының бірінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстарын сумен қамтамасыз етеді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың 31 мамыры мен 31 тамызы аралығында 3 ай ішінде аяқталды.
Су құбыры «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбырына қосылған, оның операторы «Магистральдық суағызғысы» ЖШС.