Реттеу және тарифтер
Реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтері бойынша ақпарат
«Табиғи монополия туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы №16-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне табиғи монополияның мынадай салаларына енгізілген:- мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау қызметтері (Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай тасымалдауды қоспағанда);
- су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтері;
- электр энергиясын беру және (немесе) тарату қызметтері;
- жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) жабдықтау қызметтері.
Табиғи монополиялар саласында реттелiп көрсетiлетiн қызметтер тарифтерін уәкілетті орган – 2014 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) болған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, басекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) бекітеді.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген Магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау қызметтеріне арналған тарифтерді есептеу әдістемесі Агенттік төрағасының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 13-НҚ бұйрығымен бекітілген. Осы Әдістемеге сәйкес магистральдық құбырлардың учаскелері бойынша мұнай айдау тарифтері 1000 км-ге 1 тонна мұнайды айдау тарифі негізінде есептеледі және бекітіледі.
Комитет төрағасының 2015 жылғы 21 тамыздағы №347-НҚ бұйрығымен 2015-2019 жылдарға арналған Қоғамның магистральдық құбырлары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметіне тарифтік смета мен тарифтердің шектік деңгейлері бекітілді:
Кесте 1
Қызмет | Тариф, 1000 км-ге бір тонна үшін теңгемен (ҚҚС-ты есептемегенде) | ||||
---|---|---|---|---|---|
01.10.2015 ж. бастап | 01.01.2016 ж. бастап | 01.01.2017 ж. бастап | 01.01.2018 ж. бастап | 01.01.2019 ж. бастап | |
Мұнайды ішкі нарыққа айдау | 3 225,04 | 3 547,46 | 3 902,13 | 4 292,40 | 4 721,72 |
Кесте 2
№ п/п | Қызметтер | Тариф, теңге/тн (ҚҚС-ты есептемегенде) |
---|---|---|
1 | Мұнайды Т.Қасымов ат. МАС-тағы (бұрынғы «Атырау» МАС) т/ж шандарына құю | 409,57 |
2 | Мұнайды Т.Қасымов ат. МАС-тағы т/ж шандарынан қотару | 746,34 |
3 | «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына Т.Қасымов ат. МАС-тағы мұнайды ауыстырып құю | 80,34 |
4 | Мұнайды «Ақтау» БМАС-тағы т/ж шандарынан қотару | 121,00 |
5 | «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына «Мақат» МАС-тағы мұнайды ауыстырып құю | 1 118,10 |
6 | «Кеңқияқ» БМАС-тағы мұнайды ауыстырып құю | 89,15 |
7 | «Атасу» БМАС қотару-құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарынан қотару | 373,52 |
8 | «Атасу» мұнай құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарына құю | 306,05 |
9 | «Шағыр» мұнай құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарына құю | 280,90 |
10 | Бірыңғай бағдарлау бойынша операторлық қызмет | 41,45 |
11 | Мұнайды тік болат сұйыққоймаларда сақтау | 233,76 теңге/тн айына |
Кесте 3
Тұтынушылар тобы | Тарифтер, теңге/м3 (ҚҚС-сыз) | |||
---|---|---|---|---|
Техникалық | Ауыз су | |||
0-449 км |
449 км түпкі тұтынушылар |
Құлсары - Сарғамыс |
Қиғаш | |
Халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызметтер көрсететін басқа да кәсіпорындар | 18,72 | 20,92 | 39,08 | 39,08 |
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер | 67,38 | 151,49 | 95,56 | |
Өнеркәсіп орындары және басқа коммерциялық ұйымдар | 247,12 | 386,5 | 353,89 | |
Мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар | 338,54 | 522,85 | 495,15 |
Кесте 4
№ п/п | Қызметтер | Тариф, теңге/м3 (ҚҚС-ты есептемегенде) |
---|---|---|
1 | Прииртышск МАС-қа таратушы желілер арқылы су беру | 37,75 |
2 | Прииртышск МАС-қа ағынды суларды бұру | 51,28 |
Кесте 5
№ р/с | Объектілер | Тариф, теңге/кВтч (ҚҚС-ты есептемегенде) |
---|---|---|
1 | Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы | 0,78 |
2 | Атырау мұнай құбыры басқармасы | 0,69 |
3 | «Ақтау» ӨТҚжЖЖБ | 1,26 |
4 | Павлодар мұнай құбыры басқармасы | 1,74 |
5 | Қарағанды мұнай құбыры басқармасы | 1,13 |
6 | Жезқазған мұнай құбыры басқармасы | 0,67 |
7 | Шымкент мұнай құбыры басқармасы | 1,02 |
8 | Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы | 1,07 |
9 | Құлсары мұнай құбыры басқармасы | 0,78 |
10 | Орал мұнай құбыры басқармасы | 1,22 |
11 | «Қиғаш» бас су сорғы станциясы | 0,63 |
12 | «Петерфельд» ЖӨДС | 1,15 |
Кесте 6
Тұтынушылар тобы | Тарифтер, теңге/Гкал (ҚҚС-ты есептемегенде) | |
---|---|---|
Жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу бойынша қызметтер | Жылу энергиясын беру және бөлу қызметі | |
Халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар | 1 853 | Жылу энергиясын беру және бөлу бойынша қызметтер |
Өнеркәсіп орындары және коммерциялық ұйымдар | 12 690,2 |
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтер бойынша ақпарат
2015 жылғы мамыр айында Заңға түзетулер қабылданған соң табиғи монополия саласынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау бойынша қызметтер алынып тасталды.Қоғамның 2018 жылғы 27 ақпандағы №46 бұйрығымен Қоғам магистральдық мұнай құбырларымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында мұнай айдау қызметіне тариф бекітілді және Қоғамның №47 бұйрығымен Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттеу мақсатында мұнай айдау қызметіне тариф бекітілді. Қызметтер көрсетуге арналған тарифтер 2018 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енді:
Кесте 7
Қызметтер | Тариф, 1000 км-ге бір тоннаға теңгемен (ҚҚС-ты есептемегенде) |
---|---|
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай айдау | 6 398,92 |
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында Туймазы-Омбы-Новосибирск-2 (ТОН-2) магистральдық құбырының қазақстандық учаскесінде мұнай айдау | 4 292,4 |
- Ресей Федерациясы шекарасы – Қазақстан Республикасы шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) учаскесінде, оның ішінде «Атасу» БМАС-та мұнайды ауыстырып құю – ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 4,23 АҚШ доллары;
- Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) учаскесінде - ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 10,77 АҚШ доллары мөлшерінде бекітілді.
-
Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтеріне бейрезиденттер үшін мынадай тарифтер бекітілді:
1) «Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарасы – «Шағыр» мұнай құю пункті» бағыты бойынша мұнай айдау 1 000 километрге 1 тонна үшін 12,85 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
2) «Шағыр» мұнай құю пунктінде темір жол шандарына мұнай құю 1 тонна үшін 0,84 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз). -
Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау құны бейрезиденттер үшін 1 тонна үшін өзіне мыналарды қамтитын 25,12 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз) белгіленді:
1) «Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарасы – «Шағыр» мұнай құю пункті» бағыты бойынша мұнай айдау құны 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тарифті ескергенде – 1 тонна үшін 24,28 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз);
2) «Шағыр» мұнай құю пунктінде темір жол шандарына мұнай құюға арналған тариф – 1 тонна үшін 0,84 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз).
-
Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қырғызстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтеріне бейрезиденттер үшін мынадай тарифтер бекітілді:
1) «Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарасы – «Шағыр» мұнай құю пункті» бағыты бойынша мұнай айдау 1 000 километрге 1 тонна үшін 12,85 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
2) «Шағыр» мұнай құю пунктінде темір жол шандарына мұнай құю 1 тонна үшін 0,84 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз). -
Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қырғызстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау құны бейрезиденттер үшін 1 тонна үшін өзіне мыналарды қамтитын 25,12 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз) белгіленді:
1) «Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарасы – «Шағыр» мұнай құю пункті» бағыты бойынша мұнай айдау құны 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тарифті ескергенде – 1 тонна үшін 24,28 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз);
2) «Шағыр» мұнай құю пунктінде темір жол шандарына мұнай құюға арналған тариф – 1 тонна үшін 0,84 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз).
Кесте 8
№ р/с | Қызметтер | Тариф, теңге/тн (ҚҚС-ты есептемегенде) |
---|---|---|
1 | Мұнайды Т.Қасымов ат. МАС-тағы (бұрынғы «Атырау» МАС) т/ж шандарына құю | 409,57 |
2 | Мұнайды Т.Қасымов ат. МАС-тағы т/ж шандарынан қотару | 746,34 |
3 | «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына Т.Қасымов ат. МАС-тағы мұнайды ауыстырып құю | 80,34 |
4 | Мұнайды «Ақтау» БМАС-тағы т/ж шандарынан қотару | 121,00 |
5 | «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына «Мақат» МАС-тағы мұнайды ауыстырып құю | 1 118,10 |
6 | «Кеңқияқ» БМАС-тағы мұнайды ауыстырып құю | 89,15 |
7 | «Атасу» БМАС қотару-құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарынан қотару | 373,52 |
8 | «Атасу» мұнай құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарына құю | 306,05 |
9 | «Шағыр» мұнай құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарына құю | 280,90 |
10 | Бірыңғай бағдарлау бойынша операторлық қызмет | 41,45 |
11 | Мұнайды тік болат сұйыққоймаларда сақтау | 233,76 теңге/тн айына |
12 | Т.Қасымов ат. МАС-тағы мұнайды Каспий құбыры консорциумы жүйесіне мұнайды қыздырмай ауыстырып құю | 122,91 |
13 | Т.Қасымов ат. МАС-тағы мұнайды Каспий құбыры консорциумы жүйесіне мұнайды қыздырып ауыстырып құю | 128,43 |
14 | «Ақтау» БМАС-тағы танкерлерге мұнай құю | 403,71 |
15 | «Атасу» БМАС-тағы мұнайды «Атасу-Алашаньқай» мұнай құбырына ауыстырып құю | 286,13 |
Осымен «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғам жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне электр энергиясын беру үшін тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы» 2018 жылы 20 тамыздағы №99-НҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының бұйрығымен келесі тарифтердің бекітілгенін тұтынушылардың қаперіне жеткіземіз:
Кесте 9
Мұнай құбыры | Тарифтер |
---|---|
«Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы үшін | 0,90 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде |
Құлсары мұнай құбыры басқармасы үшін | 0,61 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде |
Қарағанды мұнай құбыры басқармасы үшін | 0,60 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде |
Атырау мұнай құбыры басқармасы үшін | 0,34 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде |
Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы үшін | 0,42 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде |
Орал мұнай құбыры басқармасы үшін | 0,36 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде |
Павлодар мұнай құбыры басқармасының Шығыс филиалы үшін | 0,38 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде |
«Ақтау» ӨТҚжЖЖБ мұнай құбыры басқармасы үшін | 1,257 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде |
Жезқазған мұнай құбыры басқармасы үшін | 0,71 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде |
Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы үшін | 0,83 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде |
Шымкент мұнай құбыры басқармасы үшін | 1,02 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде |
Өзге қызмет
Қоғам заңнамамен рұқсат етілген және заңнамамен белгіленген тәртіпте Комитетпен келісілген өзге де қызметті жүзеге асырады.Мұнай құбырларын пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер
Қоғамның негізгі қызметімен технологиялық байланыстағы өзге де түрлерінің бірі - өзге заңды тұлғаларға тиесілі магистральдық құбырларды пайдалану және техникалық қызмет көрсету.
«ҚазТрансОйл» АҚ мына ұйымдарға пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді:
- Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. – «Ақсай – Үлкен Шаған – Атырау» мұнай құбыры;
- «МұнайТас» Солтүстік- Батыс құбыр компаниясы» АҚ – «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбыры;
- «Торғай-Петролеум» АҚ – «Құмкөл – Қарақойын» магистральдық мұнай құбырына кесе кірген жерге дейін ОМҚБ-дан мұнай құбыры;
-
«Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС:
- «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры;
- «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбыры.
- магистральдық құбырлар жүйесінде мұнайды алмастыру бойынша;
- «Ақтау» БМАС-та теміржол шанынан қотару кезінде мұнайды қыздыру бойынша;
- «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының ресейлік учаскесін ілеспе тазарту бойынша;
- магистральдық мұнай құбырларымен тасымалданатын мұнайдың реологиялық өлшемдеріне зерттеу жүргізу бойынша;
- химиялық реагенттерді қабылдау мен сақтау бойынша;
- тамақтандыру, үйге тұрғызу және Қоғам магистральдық құбырлары объектілері орналасуының географиялық шекараларындағы қызметтік үй-жайларды мүліктік жалға алу (жалға беру) бойынша.
Мемлекеттiк лицензия 2015-2020 (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf 368.68Кб 29.08.2020 188
Мемлекеттiк лицензия No.000112 - 03.07.08 (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf 609.75Кб 29.08.2020 89
Мемлекеттiк лицензия 1578 ИИИ - 19.07.07 (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf 891.19Кб 29.08.2020 117