KZTO 832,89 (-0,13%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 832,89 (-0,13%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Басқарма

Әміржан Оспанов
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Басқарма құрамына сайланды: 2022 жылғы 15 маусымда

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
 
Туған күні: 1975 жылғы 14 желтоқсан
 
Білімі: 1998 жылы С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университетті «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Роберт Гордон университетін (The Robert Gordon University) «МВА» дәрежесімен аяқтады.
 
Жұмыс тәжірибесі:
 
  • Еңбек жолын 1998 жылы С. Сейфуллин ат. Аграрлық университетте ассистент болып бастады. 
  • 2000 жылдан 2004 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, әдіснама және мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру басқармасының бастығы ретінде жұмыс істеді.
  • 2004-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бюджеттеу, индикативтік жоспарлау және жиынтық экономикалық талдау департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді.
  • 2006-2007 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары, жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры, қаржы директоры лауазымдарын атқарды.
  • 2007-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас менеджері, бизнес-жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін – NCOC өндірістік есеп беру бойынша үйлестіруші, бөлім бастығы.
  • 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін «АЛМЭКС Плюс» ЖШС, «BI Development», «Otau Development» ЖШС қаржы директоры болып жұмыс істеді.
  • 2017-2018 жылдары – «Казкоммерцбанк» АҚ департамент директорының орынбасары-басқарма бастығы
  • 2018 жылдан 2021 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнес-жоспарлау департаменті директорының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
  • 2021 жылдан 2022 жылға дейін «Drilling & Services» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
  • 2022 жылғы 15 маусымнан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі.
 
Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңестеріндегі мүшелігі: басқа ұйымдардың басқару органдарының құрамына кірмейді
 
Компания акцияларын иеленуі: «ҚазТрансОйл» АҚ орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 0,00043% иелік етеді.
 
Компания жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленуі: иеленбейді
 
Серiктестер