KZTO 784,44 (+0,31%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 784,44 (+0,31%)
Brent 93,47 (-4,77%)
WTI 88,56 (+0,83%)
476,46
484,13
7,78

Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау

Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Директорлар кеңесі жыл сайын өз жұмысына, оның комитеттерінің жұмысына, әр директорға ресми және жан-жақты баға беруі тиіс, оның нәтижелері Директорлар кеңесінің отырысында талқыланады. Бірде-бір директор өз қызметін бағалау процесіне тартылмауы тиіс.
 
Директорлар төраға жұмысын бағалау бойынша бір тәуелсіз директордың басшылығымен жыл сайынғы отырыстар өткізеді.
 
Директорлар кеңесінің төрағасы, Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет Директорлар кеңесінің қызметін бағалау нәтижелерімен танысып және оларды ескере отырып, Директорлар кеңесінің мықты жағын да, әлсіз жағын да мойындап, қажет болған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысында жаңа директорларды сайлауды және/немесе директорларды қызметінен шеттетуді ұсынып, іс-әрекет жасаулары тиіс.
 
Компанияның Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 15 наурыздағы (№2/2012 хаттама) шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Директорлар кеңесі мүшелерінің, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың, Басқарманың, Басқарма жетекшісінің және мүшелерінің, Ішкі аудит қызметінің және оның жетекшісінің қызметін Директорлар кеңесінің бағалау жүргізуі туралы ереже бекітілген.
 
Ереже бағалауды жүргізу мерзімін, рәсімдер мен бағалау әдістерін, Корпоративтік басқару кодексінің негізгі қағидаттарына негізделетін бағалаудың жеке түрлерін өткізудің өлшемін анықтайды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Директорлар кеңесі мүшелерінің, Басқарма, Басқарма төрағасының және мүшелерінің, Ішкі аудит қызметінің және оның басшысының қызметіне «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің бағалау жүргізу туралы ережесі (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    486.72Кб    86

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ

«КазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесі және оның комитеттері жұмысының тиімділігін тұрақты түрде кешенді бағалап отырады, үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес директорлардың қызметін жекеше бағалауды жүргізіп отырады.
 
2018 жылы Директорлар кеңесінің 2017 жылғы қызметін бағалау үшін сырттан тәуелсіз кеңесші – Қазақстанда және Орталық Азияда KPMG, «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС тартылған болатын. KPMG-ның көзқарасы көптеген жылдар бойы мамандардың практикалық тәжірибесіне, ауқымды әдіснамалық базаға, білім базасына және үздік тәжірибе стандарттарын пайдалануға негізделген.
 
Өткізілген бағалау Директорлар кеңесінің мүшелерімен сұхбаттасуды, Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің ішкі құжаттары мен хаттамаларын, Директорлар кеңесінің есептерін талдауды, тәуелсіз кеңесшілер мен Кеңес мүшелері арасындағы Директорлар кеңесінің рөлі мен қызметі, Кеңес және комитеттердің құрамы мен құрылымы, Қоғамның менеджментімен өзара әрекеттесуді, Директорлар кеңесі және оның комитеттерінің жұмыс басымдылықтарын қамтыды.
 
2017 жылы Директорлар кеңесі қараған мәселелерді талдай отырып, еншілес және бірлескен бақылаудағы субъектілерді басқару, корпоративтік басқару және қаржылық-шаруашылық қызмет мәселелерін қарауға басымдық берілгендігін көрсетті. Бизнесті жоспарлау, қаржы және инвестициялық қызмет мәселелерімен қатар Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ жалпы корпоративтік басқару жүйесі жайында приоритетті сұрақтар қаралды.
 
Директорлар кеңесі мүшелерінің құзыреттілігінің жоғарғы деңгейі, Директорлар кеңесі Төрағасының негізгі рөлі және Корпоративтік хатшы қызметінің акционерлері мен Директорлар кеңесі мүшелерімен тиімді ұйымдастырушылық жұмыстары байқалды.
 
Қазіргі уақытта Директорлар кеңесінің саны мен құрамы тиімді жұмыс істеуі оңтайлы және теңдестірілген, ал барлық мүшелер қажетті білім мен тәжіребиеге ие. Сондай-ақ Директорлар кеңесі Төрағасының басты рөлі атап өтілді. Ол кездесулер барысында қолайлы ахуал қалыптастырып, Директорлар кеңесінің мүшелері мен «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасы арасында кәсіби өзара іс-қимылды жоғарғы деңгейде қамтамасыз етті.
 
Кездесулердің ұйымдастырушылық бөлігінің жоғары деңгейі атап өтілді. Отырыстардың барлық материалдары толығымен, түсінікті және құрылымдалған, Директорлар кеңесі отырыстарын өткізу ережелері күн тәртібінің мәселелерін терең қарастыруды және жақсы шешімдер қабылдауға ықпал етеді.
 
Бағалау нәтижелері бойынша Директорлар кеңесі өте тиімді және ҚР заңнамасының талаптарына, «ҚазТрансОйл» АҚ ішкі құжаттарына және барлық маңызды аспектілерде корпоративтік басқарудың халықаралық тәжірибесінің принциптеріне сәйкес келді.
Серiктестер