KZTO 853,00 (-0,78%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 853,00 (-0,78%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Компания туралы

«ҚазТрансОйл» АҚ – ішкі нарыққа, транзиттеу және экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау қызметтерін көрсететін Қазақстан Республикасының мұнай құбыры компаниясы.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің мәні:
  • мұнайды және мұнай өнімдерін магистральдық құбырлармен тасымалдау (айдау, ауыстырып құю, қотару, құю, сақтау, араластыру) жөніндегі қызметтерді көрсету;
  • Қазақстан Республикасы аумағында және одан тыс жерлерде сұйық көмірсутегі шикізатын сақтау, тасымалдау жүзеге асырылатын көліктің басқа түрлеріне тиеу және ауыстырып құю жөніндегі объектілерді қоса алғанда, құбыр жүйесін салуды және пайдалануды жүзеге асыру;
  • сырт ұйымдарға тиесілі магистральдық мұнай құбырларын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
  • басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдауды ұйымдастыру (бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет);
  • магистральдық мұнай құбырының меншік иесі не өзге заңды негізде магистральдық мұнай құбырына иелік етуші тұлға атынан магистральдық мұнай құбырымен мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету;
  • жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы шеңберінде су құбырларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін көрсету;
  • Жарғымен көзделген қызметтердің өзге де түрлерін жүзеге асыру.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырларының жалпы ұзындығы 5 373,133 км құрайды.
 
Мұнайды магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдауды 36 мұнай айдау станциясы, 68 мұнай жылыту пеші, жалпы көлемі 1 386 мың  м3 мұнай сақтауға арналған резервуарлық парктермен қамтамасыз етіледі.
 
Мұнайды ауыстырып тиеу Ақтау портының теңіз мұнай құю терминалының 2 айлағында орнатылған 5 ағызу-құю теміржол эстакадаларымен, танкерлерге мұнайды құю жөніндегі тиісті жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
 
«Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторды айқындау және ол туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 265 бұйрығымен «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы болып белгіленді.
 
Ұлттық оператор ретіндегі «ҚазТрансОйл» АҚ-тың негізгі міндеттері мыналар:
  1. өнімді магистральдық мұнай құбырларымен ішкі және сыртқы нарыққа тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасының және қатынастың басқа да қатысушыларының мүдделерін қамтамасыз ету;
  2. магистральдық мұнай құбырлары жүйесін инновациялық дамытуды және оны әлемдік энергетика жүйесіне ықпалдастыруды қамтамасыз ету;
  3. мұнай-газ секторын магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау бөлігінде дамытудың мемлекеттік және ұлттық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
  4. Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша ұсыныстарды өңдеу және уәкілетті органның қарауына енгізу;
  5. магистральдық мұнай құбырлары саласындағы нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттамалар жобаларын әзірлеуге қатысу;
  6. магистральдық құбырлармен мұнай тасымалдау саласындағы халықаралық шарттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  7. мұнай тасымалдау маршруттарының энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және әртараптандыруға бағытталған халықаралық жобаларды іске асыру жұмыстарына қатысу болып табылады.
 
Ұлттық оператор ретіндегі «ҚазТрансОйл» АҚ-қа меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) құқығын жүзеге асыру аясында Ұлттық оператор мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
  1. өнім жөнелтушілермен басқа мемлекеттердің құбыр жүйелерімен мұнай тасымалдауды ұйымдастыруға арналған шарттар жасайды;
  2. басқа мемлекеттердің құбыр жүйелерімен мұнай тасымалдауды ұйымдастыру үшін жасалған шарттар негізінде ұйымдармен, оның ішінде мұнай тасымалдау, мұнайды теңіз терминалдары арқылы ауыстырып құю, мұнайды теңіз терминалдары арқылы ауыстырып құю кезінде көлік-экспедиция (экспедициялық) қызметін көрсетуші басқа мемлекеттер ұйымдарымен белгіленген тәртіпте тиісті шарттар мен ұлттық операторға меншік құқығында немесе басқа заңдық негізінде жататын магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің құбыры бойынша тасымалдауды қамтамасыз етуге қажетті шарттарды жасайды.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ – бұл 90% жай акциялары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на тиесілі, ал 10% жай акциялары минус 1 акция миноритарлық акционерлердің бақылауындағы жария компания.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ құрамына Қазақстандағы, Грузиядағы және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі 3 еншілес компания, сондай-ақ Қазақстанда орналасқан бірлесіп-бақыланатын 2 ұйым кіреді.
 
Меншікті капитал мөлшері 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жеке қаржылық есептілік деректері бойынша: 773 765 972 мың теңге.
 
Меншікті капитал мөлшері 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша: 912 453 325 мың теңге.
 
Активтер мөлшері 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жеке қаржылық есептілік бойынша: 1 011 812 314 мың теңге.
 
Активтер мөлшері 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша: 1 235 417 960 мың теңге.
 
2023 жылдың 1 жартыжылдығына жұмыскерлердің нақты саны - 6 633 адам.
 

Негізгі көрсеткіштер

Көрсеткіш  2018 2019 2020 2021 2022 2023
1 тоқсан
2023
1 жарты-
жылдық
2023
9 ай
2023
Мұнай тасымалдау және мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу көлемі (шоғырландырылған түрде), мың тонна 46 339 45 320 43 348 42 548 42 582 10 733 22 132 33 629 45 762
«ҚазТрансОйл» АҚ бойынша жеке мұнай тасымалдау көлемі, мың тонна 45 309 44 463 42 298 41 224 40 656 10 348 21 353 32 416 44 188
Мұнайдың жүк айналымы (шоғырландырылған түрде), млн тонна-км 46 120 45 580 43 757 43 837 44 073 10 693 21 535 32 237 43 784

Қаржылық көрсеткіштер

Көрсеткіш 2018 2019 2020 2021 2022
Түсім (шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша), млрд теңге 225,4 239,6 235,2 238,2 255,6
Түсім (жеке қаржылық есептілік бойынша), млрд теңге 212,5 222,8 215,4 214,8 212
Жиынтық пайда (шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша), млрд теңге 38,5 45,1 56,0 50,6 19,8
Жиынтық пайда (жеке қаржылық есептілік бойынша), млрд теңге 51,8 33,3 45,6 38,5 8
Серiктестер