KZTO 685,00 (+1,33%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 685,00 (+1,33%)
Brent 109,20 (-2,89%)
WTI 105,86 (-0,07%)
470,25
492,78
9,14

Омбудсмен

«ҚазТрансОйл» АҚ-да омбудсмендер институтын құру «ҚазТрансОйл» АҚ-да корпоративтік басқаруды жетілдіруге және оны корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесіне сәйкес келтіруге бағытталған, «ҚазТрансОйл» АҚ-да іскерлік әдептің таралуын, этика саласындағы барлық бұзушылықтарды, «ҚазТрансОйл» АҚ-да ішкі құжаттарының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын тәуелсіз және бейтарап қарауды қамтамасыз етуге арналған.

Омбудсмен өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, «ҚазТрансОйл» АҚ Жарғысын, Омбудсмен туралы ережені, Корпоративтік басқару кодексін, «ҚазТрансОйл» АҚ Іскерлік этика кодексін және «ҚазТрансОйл» АҚ өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

»ҚазТрансОйл» АҚ омбудсменінің негізгі міндеттерінің бірі еңбек дауларын, жанжалдарын, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ «ҚазТрансОйл«АҚ жұмыскерлерінің корпоративтік (іскерлік) этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ омбудсменінің негізгі міндеттері: жүгінген жұмыскерлерге, еңбек дауларына, жанжалдарға қатысушыларға кеңес беру және Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтауды және қажет болған жағдайда құпиялылық қағидатын ескере отырып, өзара қолайлы, сындарлы және іске асырылатын шешімді әзірлеуге жәрдемдесу; жұмыскерлердің проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ жұмыскерлердің корпоративтік этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу; «ҚазТрансОйл» АҚ Корпоративтік (іскерлік) этика кодексінің ережелерін «ҚазТрансОйл» АҚ басшылары мен жұмыскерлеріне олар жүгінген жағдайда түсіндіру, этикалық мәселелер бойынша кеңес беру болып табылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ лауазымды адамдары, жұмыскерлері мен стейкхолдерлері «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсменіне жедел желі арқылы жүгінуге құқылы:
  1. ауызша түрде сенім телефоны бойынша: +7 (7172) 555-210;
  2. жазбаша түрде электрондық сенім жүйесіне – doverie@kaztransoil.kz .
Бұдан басқа, қағаз түріндегі өтініштерді «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсменіне мына мекенжайға: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Тұран даңғылы, №20, 12 нп конвертке (пакетке) «ҚазТрансОйл» АҚ омбудсменіне деген белгі қойып, олар оған ашылмаған күйінде жіберіледі.
Серiктестер