KZTO 685,00 (+1,33%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 685,00 (+1,33%)
Brent 109,20 (-2,89%)
WTI 106,08 (+0,30%)
470,25
492,69
9,14

Корпоративтік қауіпсіздік

«КазТрансОйл» АҚ-тың корпоративтік қауіпсіздік жүйесі компанияның корпоративтік мәдениеті мен құндылығын қолдауға, жұмыскерлерді, қаржылық және техникалық құралдарды, мүлікті, технологияны, өндірістік, басқарушы және коммерциялық қызметтер процестерін түрлі қауіптен қорғауға бағытталған.

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасының, ҚазТрансОйл магистральдық мұнай құбырын күзетуді ұйымдастыратын бірыңғай жүйенің және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ҚазТрансОйл саясатының талаптарына сәйкес өндірістік қызметті жүзеге асыруды ұйғаратын бизнес жүргізу бойынша өзіне міндеттемелер алады.

«ҚазТрансОйл» АҚ-та ISO 27001:2013 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі қызмет атқарады.

2007 жылғы желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ SAP ERP жүйесінің ISO/IEC 27001:2005 FI (қаржы) модулі стандартының талаптарына сәйкес сәтті сертификатталған Қазақстан Республикасының аумағындағы бірінші компания болды.

2014 жылы АҚБЖ бойынша қайта сертификаттау аудиті сәтті өтті. Сертификаттау – «ҚазТрансОйл» АҚ ақпараттарының құпиялылығын, тұтастығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасын растайды.

2015 жылғы тамызда «ҚазТрансОйл» АҚ ISO/IEC 27001:2013 сәтті ауысты.

2021 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ ISO/IEC 27001:2013 стандартын растауға ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін сәтті өткізді, оның қорытындысы бойынша «ТЮФ АУСТРИЯ Стандарты және Соответствие» ЖШҚ халықаралық сертификаттау органы 2021 жылғы 13 қазанда № ТА420203009336 сәйкестік сертификатын берді, қолданылу мерзімі 2024 жылғы 12 қазанға дейін.
Серiктестер