Қазақстан мұнай тасымалдайтын танкерлер сатып алатын болды. Осыған қатысты Астана Абу Дабимен күні кеше ғана келісімді бекітті. Өздеріңіз білесіздер жақында еліміз Ресейді айналып өтетін Әзірбайжан бағытын сынақтан өткізді. Мамандар сәтті болды деп қуанып жатыр. Және жұмыс мұнымен тоқтамайды. Жалпы «Баку-Тблиси-Жейхан» бағыты негізгі балама жолға айнала ала ма? Тоқаевтың мұнай тасымалдайтын басқа бағыт іздеңдер деген тапсырмасы орындала ма. Atameken Business-тың журналист Арай Сүгірбай айтады.