«ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Арман Қасенов 2025 жылғы «Батуми мұнай терминалы» мен «Батуми теңіз порты» қызметінің қорытындылары мен алдағы жылдарға негізгі міндеттерді айқындау мақсатында стратегиялық сессия өткізді.
Іс-шара барысында «ҚазТрансОйл» АҚ Грузиядағы активтерін одан әрі дамыту перспективалары мен ағымдағы операциялық қызметінің нәтижелері қаралды. Айтылғандай, ағымдағы жылдың соңына дейін «Батуми мұнай терминалы» ЖШС пен «Батуми теңіз порты» ЖШС тұрақты және үздіксіз жұмыс істеп, жүк айналымы бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындап, өндірістік, экологиялық және қауіпсіздік стандарттарын жоғары деңгейде сақтауы күтілуде.
Арман Қасенов операциялық тиімділікті арттыру, өндірістік процестерді оңтайландыру, заманауи технологиялық және цифрлық шешімдерді енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қосымша мұнай және құрғақ жүктерді тарту, инфрақұрылымды модернизациялау, кадрлық әлеуетті дамыту және қауіпсіздік мәдениетін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Стратегиялық сессия аясында алдағы жылдарға арналған басымдықты міндеттер де айқындалды. Олардың ішінде – жүк айналымын арттыру, сондай-ақ «Батуми мұнай терминалы» ЖШС мен «Батуми теңіз порты» ЖШС-тің Қаратеңіз аймағындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейту.
Сессия қорытындысы бойынша компания басшылығына тұрақты даму, ұзақ мерзімді тиімділік пен «ҚазТрансОйл» АҚ стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.