KZTO 808,99 (+0,60)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,99 (+0,60)

Атырау МҚБ қызметкерлеріне ЭКО-тимбилдинг ұйымдастырылды

 18.08.2023    667

   Қазақстан Республикасы Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнін мерекелеу аясында Атырау МҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымы ұжым қызметкерлеріне ЭКО-командалық демалыс ұйымдастырды.


  Табиғат аясындағы іс-шаралар, бейресми жағдайда қарым-қатынас, спорттық эстафеталар, еңбекті қорғау жарыстары, интеллектуалдық тапсырмалар ұжымды ұйымшылдыққа және жұмыстағы қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталды. Сайысқа қатысушылар әр түрлі тапсырмаларды орындады: өрт сөндірушінің жауынгерлік арнайы киімін белгіленген уақытта кию, еңбекті қорғаудың «Алтын қағидаларын» меңгеруі пысықталды. Экологиялық викторина, өндірістік қалдықтарды жіктеу және экологиялық кодексті білу бойынша әр қатысушы логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. 


    «ЭКО-тимбилдингтің барлық қатысушылары еңбекті қорғау бойынша машықтарын шыңдау мен қатар қауіпсіздік мәдениетін арттыру мен ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін барынша мотивация алды. Бұл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Өмірлік маңызды ережелері» бойынша өткізліген байқауда анық байқалды», - деді Атырау МҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алтынгүл Шәкімова.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер