KZTO 808,48 (+0,06)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,48 (+0,06)

Станциялар мерейтойларын атап өтті

 06.02.2024    2208
Биыл Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқарамысына қарасты №8 және №10 мұнай айдау станцияларының құрылғанына 10 жыл толып отыр. Осыған байланысты жақында «ҚазТрансОйл» АҚ жергілікті кәсіподақ ұйымының қолдауымен аталмыш станцияларда салтанатты шара ұйымдастырылды. Басқарма бастығы Амангелді Үрпеков ұжымды он жылдық мерейтоймен құттықтап, жұмыста ерекшеленген мұнайқұбыршыларды  мақтау қағаздарымен марапаттап, кәсіподақ ұйымы атынан  сыйлықтар табыс етілді.

Бір атап өтерлігі басқарма операторлық қызметтер көрсететін «Атасу-Алашаңқай» магистральдық мұнай құбыры «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-ның иелігінде, «ҚазТрансОйл» АҚ мен Sino-Pipeline Int.Com.Ltd қытайлық компанияларының бірлескен кәсіпорны болып табылады. Қазіргі таңда  сегізінші мұнай айдау станциясында 103, ал оныншы станцияда 59 адам вахталық әдіс бойынша еңбектеніп жүр. Олардың негізгі қызметі – Қытай Халық Республикасына «Атасу-Алашаңқай» магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдау бойынша операторлық қызметтер ұсыну болып табылады.


Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер