KZTO 808,48 (+0,06)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 808,48 (+0,06)

Қызметкерлердің жайлылығы үшін «Петерфельд» ЖӨДС-те ауыз су сапасы жақсартылды

 23.06.2025    31
«Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы қызметкерлерінен ауыз судың сапасына қатысты шағымдар түсуіне байланысты кешенді тексеріс жүргізілді. Тексеру нәтижесінде су сапасының төмендеуі құбыр жүйесіндегі тоқырау құбылыстарымен байланысты екені анықталды. Мұндай жағдай тарату желісінде су көлемінің азаюынан туындаған, себебі бұрын осы станциядан су алып келген көршілес Петерфельд ауылы 2024 жылы «Есіл-Су» ЖШС желісіне қосылған.
 
Қалыптасқан жағдайды шешу үшін жаңа пластикалық құбыр төселіп, «Петерфельд» станциясы Петерфельд ауылының су жүйесіне қосылды. Жөндеу жұмыстары биылғы маусым айында толық аяқталды. Қазіргі уақытта асхана, басқарма ғимараты және жабдықтарды жөндеу мен қызмет көрсету учаскесі «Есіл-Су» ЖШС жеткізетін Петерфельд су желісі арқылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген.
 
Қосылған желі уақытша пайдалануға берілген. Қазіргі кезде ЖӨДС-ті «Есіл-Су» ЖШС желісіне тұрақты түрде қосу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.
 
Барлық қабылданған шаралар «Петерфельд» нысанына берілетін ауыз судың сапасын жақсартуға және станция ұжымы үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған.
Реакция:
Серiктестер