KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

1 қарашадан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясының су беру тарифі өзгереді

 09.10.2024    3105

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 1 қазанда тарифтердің күшін жою туралы 2024 жылғы 2 тамыздағы бұйрығының күші жойылды деп таныды. «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС (қатысу үлесінің 100% «ҚазТрансОйл» АҚ тиесілі)  магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттелетін қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 19 маусымдағы бұйрығымен бекітілген болатын.

Осы ретте 2024 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1 қазандағы бұйрығына сәйкес магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС орташа тарифі түзетіледі.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 1 қарашадан 2025 жылғы 30 маусымға дейін өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да коммерциялық ұйымдар үшін орташа тариф 892,70 теңге/м³ құрайды, бұл 43,18 теңге/м³ төмендеген; 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 30 маусымға дейін – 917,86 теңге/м³, бұл 30,32 теңге/м³ төмендеген; 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 30 маусымға дейін – 974,54 теңге/м³, бұл 30,33 теңге/м³ төмендеген; 2027 жылғы 1 шілдеден 2028 жылғы 30 маусымға дейін – 1 214,67 теңге/м³, бұл 30,32 теңге/м³ төмендеген; ал 2028 жылғы 1 шілдеден 2029 жылғы 30 маусымға дейін – 1 082,42 теңге/м³, яғни 30,33 теңге/м³ төмендеген.

Реакция:
Серiктестер