KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік нысандарды күзгі-қысқы кезеңге дайындауды аяқтады

 31.10.2024    49
«ҚазТрансОйл» АҚ бекітілген жоспарға сәйкес күзгі-қысқы кезеңге өндірістік объектілерді жұмысқа дайындау процесін сәтті аяқтады. 
Температура төмендеген кезде жабдықтар мен құрылғылардың сенімді және ақаусыз жұмыс істегені аса маңызды. Сол себепті күзгі-қысқы кезеңге магистральдық мұнай құбырлары жүйесін жұмысқа дайындау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығының ерекше бақылауында.
Өндірістік объектілерді дайындау іс-шараларына компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері тартылды, осы бағыттағы белсенді жұмыс ағымдағы жылдың шілде айында басталған.
Магистральдық мұнай құбырларының желілік бөлігіндегі жабдықтар мен құрылғыларға, бекіткіш арматуралар мен құдықтарға, сумен жабдықтау және салқындату жүйелеріне, дренаждық жүйелерге, кәрізге техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, резервуарлардың жұмысын қысқы кезеңге ауыстыру, автономды электр станцияларының жұмыс қабілеттілігін және кернеуді автоматты түрде беруді, ТОБЖ жабдықтарын тексеру, өндірістік және тұрғын үй-жайларды оқшаулау, қазандықтардың және жылу желілері – осылардың барлығы жүргізілген жұмыстың аз ғана бөлігі.
Қазіргі уақытта өндірістік объектілер, желілік бөлік (5338,027 км), резервуарлық парктер (21 бірлік), сорғы станциялары (36 бірлік), тиеп-түсіру мұнай эстакадалары (5 бірлік), электрмен жабдықтау және электрохимиялық қорғау, автоматика және телемеханика, жылумен жабдықтау, өндірістік-технологиялық байланыс бойынша барлық жоспарланған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары орындалды.
Суық мезгілге дайындық толық көлемде орындалды. «ҚазТрансОйл«АҚ өндірістік объектілері 2024-2025 жылдың күзгі-қысқы кезеңінде сенімді, тұрақты және апатсыз жұмысқа дайын.
 
Серiктестер