KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

2025 жылы 1 қаңтардан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ-ның мұнайды экспортқа тасымалдауға тарифтері көтеріледі

 28.11.2024    2832
Мұнайды сенімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметке тарифті 1 150 теңгеге 1000 км-ге 1 тоннаға 11 300 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) арттырады.

Бұдан басқа, 2025 жылы 1 қаңтардан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы мұнайды тасымалдау жөніндегі қосымша қызметтерге тарифтері өзгереді.

Атап айтқанда, «Мақат» мұнай айдау станциясындағы мұнайды «Кеңқияқ - Атырау» мұнай құбырына ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтің тарифі 1 тоннаға (ҚҚС-сыз) 152,73 теңгеге ұлғайып, 2 436 теңгені құрайды. 

«Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясында мұнайды ауыстырып тиеу жөніндегі қызметке тариф 402,5 теңгеге ұлғайып, 1 тонна үшін 740 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.

«Атасу» бас мұнай айдау станциясындағы мұнайды «Атасу - Алашанькоу» мұнай құбырына ауыстырып тиеу жөніндегі қызметтің тарифі 93,87 теңгеге ұлғайып, 1 тонна үшін 380 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.
 
Реакция:
Серiктестер