KZTO 830,00 (-0,61%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 830,00 (-0,61%)

Мәжіліс депутаттары «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жұмысымен танысты

 22.01.2025    47
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Асхат Хасеновтың қатысуымен өткен Мәжіліс депутаттарының көшпелі отырысында  «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2024 жылға арналған өндірістік көрсеткіштері, сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарлары қаралды.

Кездесуге қатысушылар өндірістік бағдарламалар, экологиялық бастамалар, өнеркәсіптік қауіпсіздік және компанияның одан әрі даму жоспарлары туралы ақпаратты тыңдады. Қатысушыларға «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2025–2033 жылдарға арналған Цифрлық технологияларды дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырын дамыту жоспарлары таныстырылды.
 
Сонымен қатар, табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану перспективалары талқыланды. «ҚазТрансОйл» АҚ ISO 14001:2015 экологиялық менеджмент жүйесін үнемі жетілдіріп отырады. Компания Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарды сақтайды. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың барлық нысандарында шығарындыларды өндірістік бақылау тоқсан сайын жүргізіледі.
 
Мәжіліс депутаттары көшпелі отырыс аясында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы мұнай тасымалдау онлайн режимде басқарылатын Бас диспетчерлік басқармасында болды. Бұл жоба диспетчерлік бақылау және жүк ағынын басқару жүйесін (SCADA) енгізудің аясында жүзеге асты.
 
Реакция:
Серiктестер