KZTO 797,00 (-0,62%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 797,00 (-0,62%)

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау МҚБ инженер-химигі Гүлшат Мұқанова Isker Talks жобасына қатысты

 21.02.2025    76

Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық-Қазына» АҚ Атырау жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы 13 мектеп-гимназиясы және №24-ші орта мектептің оқушыларымен «Isker Talks» кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті. Кездесуге «ҚазТрансОйл» АҚ АМҚБ инженер-химигі Гүлшат Мұқанова Isker Talks жобасына қатысты.


 

 

Оқушылармен кездесуде жергілікті мұнай-газ және энергетика салаларының білікті жас мамандары өздерінің жүйесіндегі мамандықтардың маңызын ашып түсіндіріп, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, бүгінгі сұранысқа ие техникалық мамандықтардың болашағы туралы нақты баяндалды.  Гүлшат Мұқанова мұнай тасымалы саласындағы негізгі жұмысшы мамандықтар, олардың саладағы маңызды ролі туралы айтып берді. Оқушылар белсенді түрде өз сауалдарын жолдап, сұрақтарына жауап ала алды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында әр саланың мамандары өткізген кездесу оқушылар үшін әсер қалдырғаны анық.  

Реакция:
Серiктестер