KZTO 801,00 (+0,13%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 801,00 (+0,13%)

«ҚазТрансОйл» қызметкерлері Амал мейрамын қарсы алды

 14.03.2025    23

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері   14 наурыз Амал мейрамын қарсы алды.

Амал мейрамы күні халық бір бірімен көрісіп, амандасып, ақжарма тілектерін арнайды.

Жасы кішілер үлкендерге келіп, сәлем беріп, көріседі.

Бұл күні адамдар бір біріне деген өкпе назын ұмытып, ренішін кешіріп жатады.  Амал мейрамы еліміздің батыс өңірінде кеңінен таралған.

«ҚазТрансОйл» компаниясына қарасты  бірнеше бөлімшелерде де Амал мейрамы тойланды.

Маңғыстау, Құлсары, Ақтөбе мұнай құбыры басқармаларында қызметкерлер мейрамды жарқын көңілмен қарсы алып, бір бірімен көрісіп, жыл құтты болсын деп ақ тілектерін арнады. Мейрамның сәнін қазақтың ұлттық киімдері аша түсті. Амал құтты болсын! Жыл құтты болсын!




Реакция:
Серiктестер