«ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппаратында бейнеконференцбайланыс форматында 2024 жылдың 12 айындағы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Кеңеске «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов, бас директордың орынбасарлары, басқарушы директорлар, еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдардың басшылары, сондай-ақ орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Жиын барысында «ҚазТрансОйл» АҚ, оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының аталмыш кезеңдегі қызметінің қорытынды есептері таныстырылды. Қатысушылар негізгі қаржылық және өндірістік көрсеткіштерді қарастырып, қол жеткізілген нәтижелер мен компанияның одан әрі даму перспективаларын ортаға салды.