«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылдың басынан бастап «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС жаңа өндірістерін құру жөніндегі жобаны іске асыру бойынша тауарлар өндіретін жеткізушілермен жалпы сомасы 543 млн теңгеге тоғыз офтейк-келісімшарт жасасты.
Жасалған офтейк-келісімшарттар бойынша жеткізілетін жабдықтардың тізіміне сорғылар, аккумуляторлар, изоляторлар, анодты жерге тұйықтағыштар, радиостанциялар, кеңсе креслолары, оқшаулағыш таспа және басқа да тауарлар кірді.
Осылайша, компания ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытуды жалғастыруда және импортты алмастыру бойынша жаңа өндірістер құратын жеткізушілерден сатып алу көлемін белсенді түрде арттыруда. Бұл компанияның тауарларды сатып алудағы жергілікті қамту үлесін кеңейтуге бағытталған жүйелі қызметінің нәтижесі.
Реттелетін сатып алулардағы отандық тауарлар көлемін арттыруда отандық өнімнің үлесін ұлғайтудың маңыздылығын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында қазақстандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттар көлеміне 10% қол жеткізу қажеттігін атап өткен болатын.