«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері Ақтауда өткен «Munaily Marathon-2025» қайырымдылық марафонына қатысты. Олар 5 және 10 шақырым қашықтықта жүгіріп өтті.
Марафон Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын насихаттау мен жұмысшы мамандық иелерін қолдауға бағытталған іс-шаралардың біріне айналды.
Компания «ҚазТрансОйл» бұқаралық спортты қолдауға ерекше мән береді, оны қоғамдық денсаулықты нығайтудың және ұжымдық бірлікті арттырудың маңызды құралы ретінде қарастырады.
