KZTO 810,10 (+0,15)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 810,10 (+0,15)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалында Техникалық кеңестің отырысы өтті

 03.07.2025    26

2025 жылғы 24 маусымда «ҚазТрансОйл» АҚ «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалында филиал директоры Сабит Арыновтың төрағалығымен Техникалық кеңестің отырысы өтті.

Кеңес жұмысына «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бейінді құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ мұнай тасымалдау және басқа да өнеркәсіп салаларында қолданылатын өнімдер мен технологиялық шешімдерді ұсынатын отандық және шетелдік компаниялардың мамандары қатысты.

Отырыстың басты мақсаты – компанияның өндірістік процестеріне қатысушы ұйымдардың жабдықтары мен технологияларын енгізуге қатысты ұсыныстарды қарастыру болды. Ерекше назар мұнай тасымалдау сенімділігін арттыруға бағытталған заманауи материалдар мен жабдықтарды қолдану мүмкіндіктеріне, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын өндірістік міндеттерді шешуде пайдалану жолдарына аударылды.

Іс-шара барысында мұнай құбыры инфрақұрылымын диагностикалау мен техникалық қызмет көрсетуді жетілдіруге, экологиялық қауіпсіздікті арттыруға, мониторинг және басқару жүйелерін автоматтандыруға, сондай-ақ энергия тұтынуды оңтайландыруға бағытталған инновациялық өнімдер мен әзірлемелер таныстырылды.

Сонымен қатар, кейбір технологиялық ұсыныстарды нақты өндірістік жағдайда қолдану мүмкіндігін терең сараптау мен бағалауды қажет ететіні атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша, перспективалық шешімдер ұсынған компаниялардан технологияларды өзге кәсіпорындарда енгізу тәжірибесі туралы нақты деректер мен қосымша материалдар сұратылды.

Мұндай кеңестерді жүйелі өткізу «ҚазТрансОйл» АҚ-ның технологиялық көшбасшылығын нығайтып, инновациялық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ заманауи технологиялық және экологиялық сын-қатерлер жағдайында орнықты дамуын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Реакция:
Серiктестер