KZTO 803,50 (-0,19)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 803,50 (-0,19)

«ҚазТрансОйл» құрамасы «Самұрық-Қазына» тобының X Спартакиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізді

 11.08.2025    43

8–10 тамыз аралығында Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының X Спартакиадасы өтті. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылып, еліміздің барлық өңірінен келген мыңнан астам қатысушыны біріктірді.

«ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы ретінде, «ҚазМұнайГаз» құрамасы сапында Спартакидаға қатысып, команданың табысына елеулі үлес қосты. Спартакиада қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» құрамасы 8 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

«ҚазТрансОйл» атынан 38 спортшы жеке және командалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті.

Жеке жетістіктер:

  • Садақ ату — Қаракөз Қилыбаева (Маңғыстау МҚБ) — 1 орын
  • Ерлер, жүзу (40 жасқа дейін) — Игорь Сорокин (Павлодар МҚБ) — 1 орын
  • Әйелдер, жүзу (40 жастан жоғары) — Ирина Филяева (Павлодар МҚБ) — 1 орын
  • Әйелдер, жүзу (40 жасқа дейін) — Зинаида Ильченко (Батуми теңіз порты) — 2 орын
  • Шахмат, әйелдер — Айгерім Мұратова (Орталық аппарат) — 2 орын
  • Үстел теннисі, әйелдер — Томирис Марғарапова (Жезқазған МҚБ) — 3 орын

Командалық жетістіктер:

  • Волейбол, әйелдер — 1 орын
  • Волейбол, ерлер — 1 орын
  • Баскетбол, ерлер — 1 орын

«ҚазТрансОйл» АҚ дәстүрлі түрде бұқаралық спортты, корпоративтік құндылықтарды және командалық рухты дамытуды, соның ішінде салалық жарыстарға қатысу және өз спорттық іс-шараларын ұйымдастыру арқылы қолдайды.

Компания спортшыларды лайықты жеңістерімен құттықтап, Спартакиадада «ҚазТрансОйл» намысын абыроймен қорғағандары үшін алғыс білдіреді.
 

Серiктестер