KZTO 803,70 (+0,02)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 803,70 (+0,02)

«ҚазТрансОйл» АҚ «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1,5 тонна қоқысты жинап, 2,5 гектар аумақты тазартты

 20.08.2025    62

Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының Жас мамандар кеңесінің бастамасымен және кәсіподақ ұйымының қолдауымен Алакөл көлі жағалауында экологиялық тимбилдинг өтті. Жас қызметкерлер бір шақырымнан астам жағалау бойын тазалап, 1,5 тоннадан астам қоқыс — пластик, шыны және тұрмыстық қалдықтарды жинады. Бөлімшенің жетекші инженер-экологы Мырза Қожабеков қатысушыларға табиғатты қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атырау мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері де акцияны қолдап, «Жұмысшы» шағынауданындағы Жайық өзенінің жағалауын тазалады. Нәтижесінде 2,5 гектар аумақтан қоқыс жиналып, қалдықтардың барлығы арнайы полигонға шығарылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті дамытуға жүйелі түрде үлес қосып келеді. Мұндай бастамалардың басты мақсаты – қызметкерлердің, жергілікті тұрғындар мен демалушылардың тазалықты сақтап, қоғамда экологиялық мәдениетті нығайтуға жауапкершілігін арттыру. Компания экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде жалғастыруды көздейді.



Реакция:
Серiктестер