2025 жылғы 8 қазанда Батыс өңіріне жұмыс сапары аясында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Арман Қасенов Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік нысандарына барып, жұмыс процесімен танысты.
1971 жылы құрылған Атырау мұнай құбыры басқармасы ішкі нарыққа мұнай тасымалдауды, соның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) жеткізуді, сондай-ақ «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбыры арқылы халықаралық нарыққа экспорттауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар басқарма «КҚК-Қ» АҚ және «МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры жүйесіне мұнай айдау арқылы Павлодар мұнай-химия зауыты мен «ПҚОП» ЖШС бағытындағы жеткізуді жүзеге асырады.
2025 жылғы 25 қазанға дейін жалғасатын Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы-профилактикалық жөндеу жұмыстарына байланысты босатылған мұнай көлемінің басым бөлігі «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбыры арқылы экспортқа бағытталды. Аталған бағыттың өткізу қабілеті жылына 15 миллион тонна мұнайды құрайды, бұл қосымша көлемді тасымалдауға мүмкіндік береді.
Сапар барысында Арман Қасенов Атырау мұнай құбыры басқармасының негізгі өндірістік нысандары — «Орал» ЖӨДС, «Үлкен Шаған» және «Индер» МАС, сондай-ақ «Сахарный» МҚС нысандарын аралады.
«Үлкен Шаған» МАС-та Басқарма төрағасына станцияның мұнай айдау мүмкіндіктері туралы баяндалып, химиялық талдау зертханасының жұмысы мен экспортқа жөнелтілетін мұнайдың сапасын сараптау рәсімі көрсетілді. «Сахарный» мұнай айдау станциясында компания басшысы Қазақстандық өндіруші — «БҚМЖК» АҚ‑ның MP PPNB‑7 май қыздыру пешімен танысты. «Индер» МАС учаскесінде мердігердің құрылыс жұмысын, диагностика және тазарту құрылғысын жіберу, қабылдау камерасына тексеру жүргізілді.
Сондай-ақ Арман Қасенов Атырау МҚБ, Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының және «Магистральды Су құбыры» ЖШС‑нің басшылығымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Атырау МҚБ, Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы және «Магистральды Су құбыры» ЖШС‑де жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ операторлық қызмет аясында «КҚК‑Қ» АҚ, «МұнайТас» СБҚК ЖШС және «Қазақстан‑Қытай Құбыры» ЖШС‑нің құрылымдарында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, сенімділікті қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық‑техникалық іс‑шаралар, күз‑қыс кезеңіне дайындық жұмыстары, сондай-ақ жоспарлы тоқтату кезінде «Теңіз – Новороссийск» магистральдық мұнай құбыры мен «Астрахань – Маңғышлак» магистральдық су құбыры объектілерінде және Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының профилактикалық жұмыстарының барысы туралы мәлімет берілді.
Бас директор аталған объектілердің басшылығына экспортқа мұнай тасымалдауды үздіксіз қамтамасыз ету — «ҚазТрансОйл» АҚ үшін басым міндеттердің бірі екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол өндірістік нысандардың инфрақұрылымын қысқы маусымға сапалы дайындау және құбыр объектілерінде жоспарлы тоқтату кезінде профилактикалық жұмыстар жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Бас директордың жұмыс сапары өңірлерде жалғасып жатыр, бағдарламада еңбек ұжымдарымен кездесулер жоспарланған, онда өндірістік қызметтің өзекті мәселелері, еңбек жағдайлары және компанияның даму басымдықтары талқыланатын болады.