KZTO 854,60 (-0,63)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 854,60 (-0,63)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылдың 9 айындағы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті

 22.10.2025    43

«ҚазТрансОйл» АҚ компанияның, сондай-ақ оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының 2025 жылдың 9 айындағы қаржы-шаруашылық көрсеткіштерін қарауға арналған кеңейтілген отырыс өтті.

Кеңеске компания басшылығы, еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдардың басшылары, сондай-ақ орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Жиын барысында өндірістік-қаржылық қызметтің қорытындылары туралы есеп беріліп, негізгі көрсеткіштер, қол жеткізілген нәтижелер және одан әрі даму жоспарлары қарастырылды.

Атап айтқанда, есепті кезеңде компания қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштерінде оң динамика байқалды: «ҚазТрансОйл» АҚ-тың мұнай бойынша жиынтық жүк айналымы 33 млрд 921 млн тонна-шақырымды құрап, 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2%-ға артты; «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнайдың жүк айналымы 26 млрд 495 млн тонна-шақырымды құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1%-ға өсті; ал Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы тасымалданған мұнай көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4%-ға ұлғайып, 13 млн 633 мың тоннаны құрады.

Күн тәртібіндегі жеке тармақ ретінде комплаенс-бақылау қызметінің басшысы Елена Друзьдің баяндамасы тыңдалды. Ол «ҚазТрансОйл» АҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру және жетілдіру мәселелері бойынша есеп ұсынды. Өз сөзінде ол компанияда сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, этикалық мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және қызметкерлердің хабардарлығын арттыру бағытында жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Есепті кезеңде компания қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ.

Қатысушылар алдағы кезеңдегі басым міндеттерді, сондай-ақ мұнай тасымалдау жүйесінің тиімділігін, сенімділігін және тұрақтылығын арттыру мәселелерін талқылады.


Серiктестер