KZTO 851,00 (-0,47)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 851,00 (-0,47)

Н.Шманов атындағы станция аумағын көгалдандырды

 25.10.2025    26

Атырау мұнай құбыры басқармасының ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Н.Шманов атындағы мұнай айдау станциясының аумағына күзгі мезгілдегі терек көшеттерін отырғызды.

Сенбілікке шыққан ұжым мүшелері станция аумағына 1776 дана терек көшеттерін екті. Күзде отырғызылған ағаштарға мұнай айдау станциясының қызметкерлері күтім көрсетеді. Күзде отырғызылған көшеттер тамыр жайып, тез өсетіндіктен, бұл «жасыл акция» ірі мұнай айдау станцияларының бірінде экологияны қорғауға елеулі үлес болды. Ұжым тарапынан күзгі көгалдандыру жұмыстары жалғасады.




Реакция:
Серiктестер