KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2014 жылдың 9 ай ішінде атқарған жұмысының алдын-ала қаржылық нәтижелері жөнінде хабарлайды

 28.10.2014    578
«ҚазТрансОйл» АҚ 2014 жылдың 9 ай мерзімі бойынша алдын-ала қаржылық нәтижелерін жариялайды (шоғырландырылмаған). Аталмыш уақыт аралығында бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ-ның түсірген табыс көлемі 132 млрд 546 млн теңгені құрады. Бұл 2013 жылдың дәл осы уақыт аралығындағы көрсеткіштерге қарағанда 5,3%-ға артық. Бөлек «ҚазТрансОйл» АҚ-ның түсірген таза пайда көлемі 50 млрд 104 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы мерзім аралығындағы көрсеткіштерге қарағанда 21%-ға көп. Анықтама: «ҚазТрансОйл» – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,5 мың км. аса магистральдық мұнай құбырлары мен 2,1 мың км. астам суағызғылар желісін басқарып, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ Баспасөз қызметі +7 /7172/ 555 136
Реакция:
Серiктестер