KZTO 949,49 (-0,36)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 949,49 (-0,36)

«ҚазТрансОйл» АҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау қызметтері тарифтерінің өзгеретінін хабарлайды

 25.12.2025    27

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Төрағасының 2025 жылғы «25» желтоқсандағы № 118-ОД бұйрығымен жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының ішкі нарығына магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдаудың кейбір реттелетін қызмет түрлеріне тарифтер мен тарифтік сметалар бекітілгенін хабарлайды. Қоғам осы қызметтер бойынша шағын қуат субъектісі болып табылады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тарифтер:

Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында мұнайды теміржол цистерналарына құю қызметі бойынша – 1 тоннасына — 1 254,76 теңге (ҚҚС-сыз), өсім 845,19 теңге немесе 206,36 %;

«Шағыр» мұнай құю эстакадасында мұнайды теміржол цистерналарына құю қызметі бойынша – 1 тоннасына  517 теңге (ҚҚС-сыз), өсім 236,10 теңге немесе 84,05 %;

Т. Қасымов ат. мұнай айдау станциясында теміржол цистерналарынан мұнайды төгу қызметі бойынша – 1 тоннасына 1 715,05 теңге (ҚҚС-сыз), өсім 968,71 теңге немесе 129,79 %;

«Ақтау» бас мұнай айдау станциясында теміржол цистерналарынан мұнайды төгу қызметі бойынша – 1 тоннасына 122,03 теңге (ҚҚС-сыз), өсім 1,03 теңге теңге немесе 0,85 %;

Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында мұнайды «Кеңкияқ-Атырау» мұнай құбырына қайта тиеу қызметі бойынша – 1 тоннасына 80,99 теңге (ҚҚС-сыз), өсім 0,65 теңге немесе 0,81 %;

«Мақат» мұнай айдау станциясында мұнайды «Кеңкияқ-Атырау» мұнай құбырына қайта тиеу қызметі бойынша – 1 тоннасына 964,91 теңге (ҚҚС-сыз), төмендеу 153,19 теңге немесе 13,70 %;

«Кеңкияқ» бас мұнай айдау станциясында мұнайды қайта тиеу қызметі бойынша – 1 тоннасына 144,05 теңге (ҚҚС-сыз), өсім 54,90 теңге немесе 61,58 %;

Н. Шманов атындағы бас мұнай айдау станциясында «Кеңкияқ-Атырау» «Кенкияк–Атырау» мұнай құбырына қайта тиеу қызметі бойынша тариф — 1 тоннасы үшін 137,46 теңге (ҚҚС-сыз), өсім 100,23 теңге немесе 269,22 %;

Бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет – 1 тоннасына 31,91 теңге (ҚҚС-сыз), төмендету 9,54 теңге немесе  23,02 %;

Тік болат резервуарларда мұнай сақтау қызметі бойынша – айына 1 тоннасына 93,59 теңге (ҚҚС-сыз), төмендету 140,17 теңге немесе  59,96  %.

Айта кету керек, жоғарыда аталған қызмет түрлері бойынша тарифтер (Н. Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясындағы мұнайды қайта тиеу қызметін қоспағанда) 2015 жылдан бері қайта қаралмаған. Бұл инфляциялық факторларды, пайдалану шығындарының өзгеруін және инфрақұрылымның сенімділігіне қойылатын талаптарды ескере отырып, тарифтерді өзектендіру қажеттілігін туындатты.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 484-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Төрағасының 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 106-ОД бірлескен бұйрығымен Қоғамның 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламасына 18,9 млрд теңге сомасында түзету енгізілді, төмендету көлемі 25,3 млрд теңгені құрады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру ережесінің 614-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2025 жылғы 22 желтоқсанда АО «ҚазТрансОйл» магистральдық құбырлар жүйесі арқылы мұнайды тасымалдау бойынша реттелетін қызмет тарифінің төмендетілуін мақұлдады. 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін тариф 1 тонна үшін 4 963,25 теңге (ҚҚСсыз) деңгейінде белгіленеді, төмендеуі 1 814,51 теңге немесе –26,77 % құрайды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 115 бұйрығымен Қазақстан мұнайын Беларусь Республикасының құбыр жүйесі арқылы тасымалдауды ұйымдастыру, сондай-ақ Польша Республикасындағы «Адамова Застава» мұнай тапсыру пунктінде мұнайды қабылдау-тапсыру бойынша реттелмейтін қызмет түріне (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) жаңа тариф бекітті.

Аталған тариф 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне еніп, 1 тонна 310 теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды.

Жүргізілген тарифтік түзету мемлекет, мұнай өндіруші компаниялар және «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлерінің мүдделерін теңгерімді түрде ескеруге мүмкіндік береді және нарықтың барлық қатысушылары үшін қызметтердің қолжетімділігін сақтайды. Жекелеген тарифтердің төмендеуі басқа тарифтердің өсуімен өтеліп, бұл кірістердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және компанияның қаржылық көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етеді.

«ҚазТрансОйл» АҚ көрсетілетін қызметтерді ұсынуға қажетті шығындардың тепе-теңдігін және табиғи монополия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге негізделген әділ тарифтік реттеу саясатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Серiктестер